Күндізгі оқу нысанындағы оқушыларға қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2023 жылғы 3 қарашадағы № 8/70 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 6 қарашада № 6516-09 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 47 бабы 4 тармағы 2) тармақшасына, 6 бабы 1 тармағы 2) тармақшасына сәйкес, Балқаш қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Балқаш өңірінің білім беру ұйымдары оқушыларының келесі санаттарына: жалпы білім беретін орта білім беру ұйымдарының, интернаттардың оқушыларына демалыс, каникул, мереке күндерін қоспағанда, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар балаларға, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен балаларға қоғамдық көлікте (таксиден басқа) тариф құнынан 100% жеңілдікпен жол жүру ұсынылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат төрағасы А. Муслымов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады