"Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабына, Қарағанды облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 22 маусымдағы қорытындысына сәйкес тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып ШЕШТІМ:
1. Саяқ кентінің келесі көшелері қайта аталсын:
Советская көшесін Жеңіс көшесіне;
Вокзальная көшесін Жібек жолы көшесіне;
МПС көшесін Теміржолшылар көшесіне;
Космонавтов көшесін Ғарышкерлер көшесіне;
Парковая көшесін Саялы көшесіне;
Степная көшесін Сарыарқа көшесіне;
Школьная көшесін Болашақ көшесіне;
Юбилейная көшесін Достық көшесіне;
Южная көшесін Ынтымақ көшесіне;
Бульвар Горняков көшесін Кеншілер көшесіне;
Балхашская көшесін Балқаш көшесіне.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
А. Ботаханов |