Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, ШЕШТІМ:
1. Нұра ауданы әкімінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі "Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" № 2 шешімнің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27910 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Нұра ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Нұра ауданының әкімі | Б. Муканов |