Приозерск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Приозерск қалалық мәслихатының 2023 жылғы 8 маусымдағы № 5/38 "Приозерск қаласында жеке оқу жоспары бойынша мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6429-09 болып тіркелді) келесі өзгеріс енгізілсін:
шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:
"Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы", "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қалалық мәслихат төрағасы | А. Исатаев |