Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Қызылорда облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2016 жылғы 19 мамырындағы № 28 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5536 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Қызылорда облысында жылу маусымына дайындық және оны өткізу Қағидаларында:
35-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"35. Бес тәулік бойы сыртқы ауаның орташа температурасы +10°C және одан төмен немесе сыртқы ауа температурасының күрт төмендеуі туралы болжам болғанда қала (аудандар) әкімдері тиісті өкіммен жылу маусымының басталғандығын жариялайды.";
42-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"42. Бес тәулік бойы сыртқы ауаның орташа температурасы +10°C және одан жоғары немесе сыртқы ауа температурасы күрт көтерілуі туралы болжам болғанда қала (аудандар) әкімдері тиісті өкіммен жылу маусымының аяқталғандығын жариялайды.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы | Н. Байкадамов |