Қызылорда облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қызылорда облыстық мәслихатының 2023 жылғы 30 мамырдағы № 29 шешімі

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы Н. Байкадамов

  Қызылорда облыстық мәслихатының
2023 жылғы 30 мамырдағы
№ 29 шешіміне қосымша

Қызылорда облыстық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Қызылорда облысындағы жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау, қалалар және елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2017 жылғы 16 мамырдағы № 121 шешiмi (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5871 болып тіркелген);

      2. ""Қызылорда облысындағы жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау, қалалар және елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2017 жылғы 16 мамырдағы № 121 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 189 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6265 болып тіркелген);

      3. ""Қызылорда облысындағы жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау, қалалар және елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2017 жылғы 16 мамырдағы № 121 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2019 жылғы 19 тамыздағы № 343 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6898 болып тіркелген);

      4. ""Қызылорда облысындағы жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау, қалалар және елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2017 жылғы 16 мамырдағы № 121 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қызылорда облыстық мәслихатының 2020 жылғы 29 мамырдағы № 435 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7508 болып тіркелген).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады