2023 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы

Жаңа

Қызылорда облысы әкімдігінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 94 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 9 маусымда № 8420-11 болып тіркелді

      "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 5-14) тармақшасына, "Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 180 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28188 болып тіркелген) сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2023 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау көлемдері бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкiмiнiң жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсiн.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысы әкімінің міндетін атқарушы Н. Сактаганов
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Экология
және табиғи ресурстар министрлігі

  Қызылорда облысы әкімдігінің
2023 жылғы 7 маусымдағы
№ 94 қаулысына қосымша

2023 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау көлемдері

Субсидия түрі

Азықтың шығу тегі

Өлшем бірлігі

Субсидияланатын
көлем

Субсидиялар сомасы, мың теңге

1.

Тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандарын өсіру кезінде пайдаланылатын азықтарды сатып алу шығыстарын өтеу арқылы акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өзіндік құнын төмендетуге арналған субсидиялар

Отандық өндіріс

килограмм

21 700

9 114,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады