"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қызылорда қалалық мәслихатының 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 13-2/5 "Қызылорда қаласы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8400-11 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда қалалық мәслихатының төрағасы | И. Кутухуджаев |