Арал ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 39 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 5 мамырда № 8398-11 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2024 жылғы 22 шілдедегі № 269 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 22.07.2024 № 269 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен

      Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабының 3-тармағының 3) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Арал аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Арал ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері, осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Арал аудандық мәслихатының төрағасы Б. Турахметов

  Арал аудандық мәслихатының
2023 жылғы 26 сәуірдегі
№ 39 Шешіміне қосымша

Арал ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері

Атауы

Есептік бірлік

Теңге (қосылған құн салығынсыз)

Жайлы емес үйлер

1 тұрғынға айына

149,82

Бір бірлігіне (көлеміне) жылдық тариф

1 м3

2525,04

      Аббревиатураның толық жазылуы:

      м3 – текше метр.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады