"Қазалы ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 20 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 19 желтоқсандағы № 125 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 22 желтоқсанда № 8474-11 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қазалы ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 20 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8406-11 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазалы аудандық мәслихатының төрағасы Ғ. ӘЛІШ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады