"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Жаңақорған ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Жаңақорған ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы" Жаңақорған ауданы мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымдағы № 51 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8441-11 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жаңақорған аудандық мәслихатының төрағасы | Г. Сопбеков |