"Шиелі ауданының елді мекендерінің шекараларын (шектерін) өзгерту туралы" бірлескен Шиелі ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 14 қарашадағы № 304 қаулысына және Шиелі аудандық мәслихатының 2018 жылғы 14 қарашадағы № 31/17 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Шиелі ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 195 қаулысы және Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 сәуірдегі № 2/8 шешімі

      Шиелі ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1."Шиелі ауданының елді мекендерінің шекараларын (шектерін) өзгерту туралы" бірлескен Шиелі ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 14 қарашадағы № 304 қаулысына және Шиелі аудандық мәслихатының 2018 жылғы 14 қарашадағы № 31/17 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6540 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгiзiлсiн:

      көрсетілген бірлескен қаулы және шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы бірлескен қаулы және шешімнің қосымшасына сәйкес Шиелі ауданының Тұран ауылдық округі Шеген Қодаманов ауылының, Керделі ауылдық округі Нартай Бекежанов ауылының, Иіркөл ауылдық округі Ыбырай Жахаев ауылының, Бәйгеқұм ауылдық округі Бәйгеқұм ауылының, Жуантөбе ауылдық округі Алғабас ауылының, Бәйтерек ауылдық округі Бидайкөл ауылының шекаралары (шектері) өзгертілсін.";

      көрсетілген бірлескен қаулы және шешімнің қосымшасы осы бірлескен қаулы және шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шиелі ауданының әкімі Н. Ахатов
      Шиелі аудандық мәслихат төрағасы А. Жандарбеков

  Шиелі аудандық мәслихатының
2023 жылғы 28 сәуірдегі
№ 2/8 бірлескен қаулысына
және шешіміне қосымша
бірлескен Шиелі ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 14 қарашадағы
№ 304 қаулысына
  және Шиелі аудандық мәслихатының
2018 жылғы 14 қарашадағы
№ 31/17 шешіміне қосымша

Шиелі ауданының Тұран ауылдық округі Шеген Қодаманов ауылының, Керделі ауылдық округі Нартай Бекежанов ауылының, Иіркөл ауылдық округі Ыбырай Жахаев ауылының, Бәйгеқұм ауылдық округі Бәйгеқұм ауылының, Жуантөбе ауылдық округі Алғабас ауылының, Бәйтерек ауылдық округі Бидайкөл ауылының шекаралары (шектері)

Жерлердің атауы

Жалпы көлемі (гектар)

Оның ішінде (гектар):

Басқа да жерлер

ауыл шаруашылығы алқаптары

егістік

көп жылдық екпелер

шабындық

жайылымдар

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Тұран ауылдық округі, Шеген Қодаманов ауылы

769,48143

64,0

1,0


571,5

132,98143

2

Керделі ауылдық округі, Нартай Бекежанов ауылы

1389,12

51,0

1,0


995,52

341,6

3

Иіркөл ауылдық округі, Ыбырай Жахаев ауылы

886,655

46,0

2,0

97,0

600,365

141,29

4

Бәйгеқұм ауылдық округі, Бәйгеқұм ауылы

1654,0

42,0

12,0

15,0

1127,0

458,0

5

Жуантөбе ауылдық округі, Алғабас ауылы

1521,0

1,0

-

-

1032,0

488,0

6

Бәйтерек ауылдық округі, Бидайкөл ауылы

1789,08

40,0

1,0


1479,7

268,38


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады