"Шиелі ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" Шиелі аудандық мәслихатының 2021 жылғы 12 қарашадағы № 14/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 11/26 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 4 қаңтарда № 8485-11 болып тіркелді

      Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Шиелі ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" Шиелі аудандық мәслихатының 2021 жылғы 12 қарашадағы № 14/2 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25321 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешім қосымшасының 2, 6 - тармақтары келесі редакцияда жазылсын:

      "2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді (бұдан әрі - оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу) мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балалардың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде "Шиелі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырады.";

      "6. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді алу үшін өтініш беруші "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес ақционерлік қоғамы арқылы уәкілетті органға немесе "электрондық үкімет" веб-порталына (бұдан әрі – портал) Шығындарды өтеу қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес "Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса Шығындарды өтеу қағидаларының 1 немесе 2-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.

      Өтініш беруші оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді алу бойынша төлемді тағайындау үшін портал арқылы жүгінген кезде ұсынылған мәліметтерді растау және Шығындарды өтеу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес өтініш нысанында көзделген қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салуды өтініш берушінің өзі жүзеге асырады.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шиелі аудандық мәслихат төрағасы А. Жандарбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады