Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2022 жылғы 12 сәуірдегі № 51 "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27659 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1, 2 қосымшалары осы қаулының 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, 1 қосымшасы 2023 жылғы 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Маңғыстау облысының әкімі | Н. Ногаев |
Маңғыстау облысы әкімдігінің | |
2023 жылғы 7 наурыздағы | |
№ 20 қаулысына | |
1 қосымша | |
Маңғыстау облысының әкімдігінің | |
2022 жылғы 12 сәуірдегі | |
№ 51 қаулысына | |
1- қосымша |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
Елді мекен | Тәрбиеленушілер саны | Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының түрлері және айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге) | ||
10,5 сағаттық болу режимі бар топтар, оның ішінде шағын орталықтар | 10,5 сағаттық болу режимі бар түзету топтары | 10,5 сағаттық болу режимі бар туберкулез интоксикациясы бар балалар тобы | ||
Ауыл | 25059 | 50347 | 91162 | 75724 |
Қала | 20808 | 45603 | 81278 | 67817 |
Маңғыстау облысы әкімдігінің | |
2023 жылғы 7 наурыздағы | |
№ 20 қаулысына | |
2 қосымша | |
Маңғыстау облысының әкімдігінің | |
2022 жылғы 12 сәуірдегі | |
№ 51 қаулысына | |
2- қосымша |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері
Елді мекеннің атауы | Тәрбиеленушілер саны | Бір күнге ата-ана төлемақысының мөлшері 3 жасқа дейін (теңге) | Бір күнге ата-ана төлемақысының мөлшері 3 жастан бастап (теңге) |
Ақтау қаласы | 19669 | 718,6 | 806,6 |
Жаңаөзен қаласы | 8361 | 663,3 | 806,5 |
Бейнеу ауданы | 2636 | 652,17 | 767,06 |
Қарақия ауданы | 1856 | 714,81 | 873,7 |
Маңғыстау ауданы | 2245 | 663,29 | 815,29 |
Мұнайлы ауданы | 8367 | 663 | 824 |
Түпқараған ауданы | 2733 | 685,60 | 841,75 |