Бейнеу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қарашадағы №18/118 "Ақжігіт селолық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі туралы қағидаларды бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 2017 жылғы 5 шілдедегі № 14/120 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 8 тамызда № 3399 болып тіркелді. Күші жойылды-Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 2023 жылғы 18 тамыздағы № 5/52 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық мәслихатының 18.08.2023 № 5/52 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2013 жылғы 21 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" және 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес, Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бейнеу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қарашадағы № 18/118 "Ақжігіт селолық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі туралы қағидаларды бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2326 болып тіркелген, 2014 жылғы 14 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ақжігіт ауылының аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі туралы қағидаларды бекіту туралы";

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы №1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына және Ақжігіт ауылының әкімімен әзірлегенген Ақжігіт ауылының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі туралы қағидаларына сәйкес, Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";

      1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Ақжігіт ауылының аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі туралы қағидалары бекітілсін.".

      Ақжігіт ауылының аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі туралы қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. "Бейнеу аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Б.Түйешиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Т.Жақсылықова
      Аудандық мәслихат хатшысы А.Ұлұқбанов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Ақжігіт ауылының әкімі

      С.Қамысбаев

      "5" шілде 2017 жыл


  Бейнеу аудандық мәслихатының 2017 жылғы 5 шілдедегі №14/120 шешіміне қосымша
  Бейнеу аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 қарашадағы №18/118 шешімімен бекітілген

Ақжігіт ауылының аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі туралы қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы қағидалар Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын жүзеге асыру мақсатында әзірленді және Ақжігіт ауылының аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін белгілейді.

      2. Ақжігіт ауылының аумағындағы бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны (одан әрі – Бөлек жиын) Ақжігіт ауылының жергілікті қоғамдастығының жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиынын өткізудің жалпы қағидаттары

      3. Ақжігіт ауылының ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға қатысуы ерiктi болып табылады. Азаматты сайлауға қатысуға немесе қатыспауға мәжбүрлеуге, сондай-ақ оның еркiн бiлдiрудi шектеуге ешкiмнiң де құқығы жоқ.

      4. Қазақстан Республикасының азаматының Ақжігіт ауылындағы ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің аумағындағы тұрғылықты мекен-жайы бойынша тіркелу дерегі оның бөлек жиынға қатысуына негіз болып табылады.

      5. Жергілікті қоғамдастықтың мүшелері бөлек жиынға жеке қатысады және олардың әрқайсысы бір дауысқа ие болады.

      6. Бөлек жиынға кәмелетке толмағандар, сот iс-әрекетке қабілетсiз деп таныған, сондай-ақ сот үкiмiмен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар қатыспайды.

3. Бөлек жиынын шақыру және әзірлеу тәртібі

      7. Бөлек жиынды Ақжігіт ауылының әкiмі шақырады.

      Аудан әкiмінің бөлек жиынды өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда оны өткізуге жол беріледі.

      8. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиынның шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе Ақжігіт ауылында өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

4. Бөлек жиынды өткізу және шешім қабылдау тәртібі

      9. Ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жиынды өткізуді Ақжігіт ауылының әкiмі ұйымдастырады.

      10. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарды және шақырылғандарды тіркеу жүргізіледі.

      11. Бөлек жиын оған тиісті ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындарының кемінде он пайызы қатысқанда өтті деп есептеледі.

      12. Бөлек жиынды Ақжігіт ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берілген тұлға ашады.

      Ақжігіт ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамаларын рәсімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.

      13. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол Ақжігіт ауылы әкімінің аппаратына беріледі.

      14. Бөлек жиынның шешімі, егер оған бөлек жиынға қатысушылардың жартысынан астамы дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.

5. Ақжігіт ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындар өкілдерінің санын айқындау тәртібі

      15. Ақжігіт ауылының жергілікті қоғамдастығының жиынына қатысу үшін ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғындарының өкілдерінің саны ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғындарының бір пайызы негізінде анықталады.

      16. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиынға қатысушылардың ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады