Бейнеу ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 17 мамырдағы № 94 "Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 13 қыркүйектегі № 244 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 15 қыркүйекте № 4599-12 болып тіркелді

      Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1.  "Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы" Бейнеу ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 17 мамырдағы № 94 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3379 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      қосымшада:

      реттік нөмірі 2 жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "

2.

Бейнеу ауылы

"Қазақстан Халық Банкі" акционерлік қоғамының №239900 Маңғыстау облыстық филиалының және Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының "Бейнеу орталық аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының ғимараттарының жанындағы тақта

      ".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Бейнеу ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Бейнеу ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Р. Шалбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Бейнеу аудандық аумақтық

      сайлау комиссиясы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады