Қазақстан Республикасының Экология кодексіне және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қарақия ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қарақия аудандық мәслихатының хатшысы | Ж. Қалаубай |
Қарақия аудандық мәслихатының | |
шешіміне қосымша | |
2023 жылғы 17 қаңтардағы № 23/230 |
Қарақия ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
Атауы | Есептік бірлік | Теңге (қосылған құн салығынсыз) |
Жайлы үйлер | 1 тұрғыннан айына | 265 |
Жайлы емес үйлер | 1 тұрғыннан айына | 265 |
Жылдық тариф бірлігіне (көлем) | 1 текше метр (м³) | 2073 |