Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота 2023 жылға белгілеу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 4 қаңтардағы № 2 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" бұйрығына сәйкес, Түпқараған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1.Түпқараған ауданы бойынша 2023 жылға арналған ата - анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата - анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарында бар бос жұмыс орындарына сәйкес квота белгіленсін.

      2.Түпқараған ауданының әкімдігінің 2022 жылы 30 мамырдағы № 115 қаулысының күші жойылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Түпқараған ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4.Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің м.а. Т. Алтынгалиев

  Түпқараған ауданы әкімдігінің
  2023 жылғы 04 қаңтардағы
  № 2 қаулысына 1-қосымша

2023 жылға Түпқараған ауданы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Ұйым атауы

Жыл басындағы жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар санатына жатқызылған жұмыскерлермен қамтылған жұмыс орындарының

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар санатына жатқызылған жұмыскерлермен қамтылған жұмыс орындарының саны

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар санатына жатқызылған жұмыскерлермен қамтылған жұмыс орындарының саны

Квота

Саны

Квота

Саны

Квота

Саны

1

"Delta Solution Service" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

277

-

-



1

2

2

Коммуналдық қызмет Ақшұқыр МКК

84

-

1

1

-

3

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы Таушық ауылы "Таушық мәдениет үйі" Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

11

1

1

-

-

4

Маңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің "Ақшұқыр мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

74

1

1

-

-

5

Маңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің "Құлыншақ" бөбекжайы" жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

55

1

1

-

-

6

Маңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің "Балбөбек" бөбекжайы" жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

55

1

1

-

-


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады