Түпқараған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Түпқараған ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 43 және Түпқараған аудандық мәслихатының 2015 жылғы 2 наурыздағы № 28/194 "Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылының шекараларын белгілеу туралы" бірлескен қаулысы және шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2672 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы бірлескен қаулы және шешімнің қосымшасына сәйкес Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылының шекаралары белгіленсін.";
көрсетілген бірлескен қаулы және шешімге қосымша осы бірлескен қаулы және шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Түпқараған ауданының әкімі Р. Елтизаров
Түпқараған аудандық мәслихатының төрағасы А. Нугманов
Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылының шекаралары
Ескерту: Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылының шекарасы, жалпы ауданы – 5501,6551 гектар.