Түпқараған аудандық мәслихатының 2015 жылғы 20 мамырдағы № 30/205 "Түпқараған ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережені бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 шілдедегі № 5/35 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 2 тамызда № 4589-12 болып тіркелді

      Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Түпқараған ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесін бекіту туралы" Түпқараған аудандық мәслихатының 2015 жылғы 20 мамырдағы №30/205 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2750 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Түпқараған ауданының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ережесінде:

      5 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "5.Аудан әкімі мен аудандық мәслихат төрағасының атына наградтау бетшесі мен еңбек ұжымының қолдаухаты аудан әкімі аппаратының және аудандық мәслихат аппаратының кадр жұмыстары бөліміне жолданады. Әрі қарай Түпқараған ауданының Құрмет грамотасымен наградтау жөнінде келіп түскен құжаттар алдын ала қарау және ұсыныстар дайындау үшін аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жолданады.";

      8 тармақтың бесінші бөлігі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Мәтіннің астында қосарланып аудан әкімінің және аудандық мәслихат төрағасының қолдары орналасады.";

      11 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "11.Құрмет грамотасы салтанатты түрде аудандық мәслихаттың төрағасымен не аудан әкімімен немесе оның орынбасарларымен марапатталушының жұмыс орны бойынша еңбек ұжымдарында, мәслихат сессияларында, жиындарда және аудан активінің жиналыстарында табыс етіледі.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түпқараған аудандық мәслихатының төрағасы А. Нугманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады