Түпқараған аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 2023 жылғы 9 қазандағы № 6/43 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2023 жылғы 16 қазанда № 4610-12 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Түпқараған аудандық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 20/146 "Түпқараған ауданының Форт-Шевченко қаласы мен ауылдарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін қала, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі туралы қағидаларды бекіту туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2420);

      2) 2021 жылғы 10 желтоқсандағы № 9/57 "Түпқараған аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 сәуірдегі №20/146 "Түпқараған ауданының Форт-Шевченко қаласы мен ауылдарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін қала, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібі туралы қағидаларды бекіту туралы" шешімі.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Түпқараған аудандық мәслихатының төрағасы А. Нугманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады