Мұнайлы ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 47/448 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2019 жылғы 9 желтоқсанда № 4050 болып тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 23 қазандағы 2023 жылғы № 6/39 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 23.10.2023 № 6/39 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 2) тармақшасына және 20-1 бабының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 1 қыркүйектегі №404 "Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге, кәдеге жаратуға, қайта өңдеуге және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №14285 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Мұнайлы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Мұнайлы ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер бекітілсін.

      2. "Мұнайлы аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы А. Жанбуршина) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Мұнайлы аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі, заңдылық, құқық тәртібі, депутаттар өкілеттілігі және әдеп жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрайымы Г. Конысбаева).

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Б. Дюсалиев
      Мұнайлы аудандық мәслихатының хатшысы Б. Назар

  Мұнайлы аудандық мәслихатының
  2019 жылғы 28 қарашадағы
  № 47/448 шешіміне қосымша

Мұнайлы ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтер

Обьектінің атауы

Есептік бірлік

Құны, теңгемен (ҚҚС есептемегенде)

1

Жайлы үйлер

айына 1 тұрғынға

195,90

      Ескерту:

      Аббревиатураның ажыратылып жазылуы:

      ҚҚС – қосылған құн салығы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады