2023 жылға арналған субсидияланатын тұқымдардың әрбір санаты бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы

Жаңартылған

Қостанай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 25 қаңтардағы № 30 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 26 қаңтарда № 9924 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 "Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларың бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2023 жылға арналған субсидияланатын тұқымдардың әрбір санаты бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулынының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі К. Аксакалов

  Қостанай
  облысы әкімдігінің
  2023 жылғы 25 қаңтардағы
  № 30 қаулысына
  қосымша

2023 жылға арналған субсидияланатын тұқымдардың әрбір санаты бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемі

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы әкімдігінің 14.12.2023 № 542 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 22.11.2023 бастап туындаған қатынастарға қолданылады).

Субсидияланатын тұқымдардың санаты

Бюджет қаражатының көлемі, мың теңге

1

Бірегей тұқымдар

215 000,0

2

Элиталық тұқымдар

883 466,0

3

Бірінші репродукция тұқымдары

842 831,0

4

Бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары

1 417 439,0

Жиыны

3 358 736,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады