Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 344 "Қостанай облысының су объектілерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 122 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 31 наурызда № 9944 болып тіркелді

      Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай облысы әкімдігінің "Қостанай облысының су объектілерінде су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы" 2022 жылғы 3 тамыздағы № 344 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29029 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1-қосымшасында:

      келесі мазмұндағы реттік нөмірі 137-1 жолмен толықтырылсын:

      "

137-1

Қамысты-Аят өзені: суарылатын егістік учаскесі шегінде

500

35

      ";

      198 және 199 реттік нөмірлері мен жолдары жаңа редакцияда жазылсын:

      "

198

Тоғызақ өзені: Гурьяновское ауылындағы "Комсомольская птицефабрика" акционерлік қоғамының өндірістік алаңы

300

35

199

Тоғызақ өзені: Надеждинка ауылы аумағында орналасқан құрылыс тасы кен орнын әзірлеу

807,5

100

      ".

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі К. Аксакалов

      Келісілді

      "Қазақстан Республикасы Денсаулық

      сақтау министрлігі Санитариялық-

      эпидемиологиялық бақылау

      комитетінің Қостанай облысының

      Санитариялық-эпидемиологиялық

      бақылау департаменті"

      республикалық мемлекеттік мекемесі

      Келісілді

      "Қазақстан Республикасы Экология

      және табиғи ресурстар министрлігі Су

      ресурстары комитетінің Су

      ресурстарын пайдалануды реттеу және

      қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай

      бассейндік инспекциясы"

      республикалық мемлекеттік мекемесі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады