"Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы" мәслихаттың 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 172 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы мәслихатының 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 14 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 5 мамырда № 10000 болып тіркелді

      Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қостанай облыстық мәслихатының "Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы" 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 172 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27716 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы С. Ещанов

  Мәслихаттың
  2023 жылғы 21 сәуірдегі
  № 14 шешіміне
  қосымша
  Қостанай облысы мәслихатының
  2023 жылғы "20" сәуірдегі
  № 172 шешіміне
  қосымша

Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері

Реті бойынша номір

Арнайы су пайдаланудың түрі

Өлшем бірлігі

Төлемақы мөлшерлемелері

1

Тұрғын үй-пайдалану және коммуналдық қызметтер

теңге/1 000 текше метр

154,36

2

Өнеркәсiп, жылуэнергетикасын қоса есептегенде

теңге/1 000 текше метр

440,31

3

Ауыл шаруашылығы

теңге/1 000 текше метр

121,46

4

Су көздерiнен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары

теңге/1 000 текше метр

121,46


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады