Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 44 "Қостанай облысының аумағындағы "Алтын дала" мемлекеттік табиғи резерваты" республикалық мемлекеттік мекемесінің күзет аймағын белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 6 қазандағы № 430 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 9 қазанда № 10066 болып тіркелді

      Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай облысы әкімдігінің "Қостанай облысының аумағындағы "Алтын Дала" мемлекеттік табиғи резерваты" республикалық мемлекеттік мекемесінің күзет аймағын белгілеу туралы" 2015 жылғы 16 ақпандағы № 44 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 5456 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Алтын Дала" мемлекеттік табиғи резерваты" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – табиғи резерват) шекарасының айналасындағы Қостанай облысының аумағында ені екі километрден кем емес, жалпы ауданы 180 929 гектар, оның ішінде: жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай және жер санаттарын өзгертпей Ұлы-Жыланшық учаскесінде 78 972 гектар, Тосынқұм учаскесінде 74 457 гектар және Сарықопа учаскесінде 27 500 гектар күзет аймағы;";

      көрсетілген қаулының 2-қосымшасында:

      тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Алтын Дала" мемлекеттік табиғи резерваты" республикалық мемлекеттік мекемесінің күзет аймағының аумағындағы табиғат пайдалану режимі мен тәртібі";

      1-тармақта:

      бірінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. "Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Алтын Дала" мемлекеттік табиғи резерваты" республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – табиғи резерват) қорғау аймағында:";

      3) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:

      "3) "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 84-2-бабының 2-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге;";

      мемлекеттік тілде 8) тармақша жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "8) мемлекеттiк табиғи резерваттың экологиялық жүйелерiне зиянды әсер етуі мүмкін басқа да қызметке жол берілмейді.";

      2-тармақтың 10) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "10) жер учаскелерін туристер болатын жерлерді жайластыру, өсімдіктер мен жануарлардың эндемиялық, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін қолдан көбейтуге, өсіруге, өндіруге арналған питомниктер орналастыру, сондай-ақ мемлекеттiк табиғи резерват жұмыскерлерiнiң тұруына арналған қызметтiк үй-жайлар (кордондар) салу, оларға қызметтік жер телімдерін беру үшiн пайдалану.".

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қостанай облысының әкімі К. Аксакалов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады