Қостанай облысының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін тарату және қайта құру туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 4 және Қостанай облысы мәслихатының 2023 жылғы 4 қазандағы № 60 бірлескен қаулысы және шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 10 қазанда № 10069 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 3) тармақшасына, 14-2-бабының 2-тармағына сәйкес, тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, аудандық өкілді және атқарушы органдардың пікірін ескере отырып, Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Мыналар:

      Жітіқара ауданы Мүктікөл ауылдық округінің Мүктікөл ауылының құрамына енгізіле отырып, Жітіқара ауданы Мүктікөл ауылдық округінің Тимирязев ауылы;

      Қарабалық ауданы Смирнов ауылдық округінің Смирнов ауылының құрамына енгізіле отырып, Қарабалық ауданы Смирнов ауылдық округінің Батманов ауылы;

      Қарабалық ауданы Новотроицк ауылдық округінің Новотроицк ауылының құрамына енгізіле отырып, Қарабалық ауданы Новотроицк ауылдық округінің Жанааул ауылы;

      Қарабалық ауданы Өрнек ауылдық округінің Приречное ауылының құрамына енгізіле отырып, Қарабалық ауданы Өрнек ауылдық округінің Қарақопа ауылы;

      Қарабалық ауданы Қособа ауылдық округінің Қособа ауылының құрамына енгізіле отырып, Қарабалық ауданы Қособа ауылдық округінің Қарашакөл ауылы;

      Қарабалық ауданы Бозкөл ауылдық округінің Бозкөл ауылының құрамына енгізіле отырып, Қарабалық ауданы Бозкөл ауылдық округінің Саманы ауылы;

      Қарабалық ауданы Михайлов ауылдық округінің Терентьев ауылының құрамына енгізіле отырып, Қарабалық ауданы Михайлов ауылдық округінің Светлый ауылы;

      Қарабалық ауданы Өрнек ауылдық округінің Приречное ауылының құрамына енгізіле отырып, Қарабалық ауданы Өрнек ауылдық округінің Первомай ауылы;

      Қарабалық ауданы Бозкөл ауылдық округінің Бозкөл ауылының құрамына енгізіле отырып, Қарабалық ауданы Бозкөл ауылдық округінің Талапкер ауылы;

      Қарабалық ауданы Бөрлі ауылдық округінің Бөрлі ауылының құрамына енгізіле отырып, Қарабалық ауданы Бөрлі ауылдық округінің Тастыөзек ауылы;

      Қарасу ауданы Октябрь ауылдық округінің Теректі ауылының құрамына енгізіле отырып, Қарасу ауданы Октябрь ауылдық округінің Жекекөл ауылы;

      Қарасу ауданы Ильичев ауылдық округінің Новоселовка ауылының құрамына енгізіле отырып, Қарасу ауданы Ильичев ауылдық округінің Құндызды ауылы;

      Меңдіқара ауданы Введен ауылдық округінің Загаринка ауылының құрамына енгізіле отырып, Меңдіқара ауданы Введен ауылдық округінің Каменка ауылы;

      Меңдіқара ауданы Ломоносов ауылдық округінің Қасқат ауылының құрамына енгізіле отырып, Меңдіқара ауданы Ломоносов ауылдық округінің Қарамай ауылы;

      Меңдіқара ауданы Соснов ауылдық округінің Харьковское ауылының құрамына енгізіле отырып, Меңдіқара ауданы Соснов ауылдық округінің Никитинка ауылы;

      Меңдіқара ауданы Теніз ауылдық округінің Теніз ауылының құрамына енгізіле отырып, Меңдіқара ауданы Теніз ауылдық округінің Новониколаевка ауылы;

      Меңдіқара ауданы Михайлов ауылдық округінің Борки ауылының құрамына енгізіле отырып, Меңдіқара ауданы Михайлов ауылдық округінің Татьяновка ауылы;

      Сарыкөл ауданы Севастополь ауылдық округінің Севастополь ауылының құрамына енгізіле отырып, Сарыкөл ауданы Севастополь ауылдық округінің Вишневка ауылы;

      Сарыкөл ауданы Севастополь ауылдық округінің Севастополь ауылының құрамына енгізіле отырып, Сарыкөл ауданы Севастополь ауылдық округінің Ленинградское ауылы;

      Сарыкөл ауданы Сорочин ауылдық округінің Сорочин ауылының құрамына енгізіле отырып, Сарыкөл ауданы Сорочин ауылдық округінің Мелитополь ауылы;

      Федоров ауданы Вишневый ауылдық округінің Белояров ауылының құрамына енгізіле отырып, Федоров ауданы Вишневый ауылдық округінің Уйск ауылы;

      Федоров ауданы Камышин ауылдық округінің Мирное ауылының құрамына енгізіле отырып, Федоров ауданы Камышин ауылдық округінің Крамское ауылы;

      Федоров ауданы Камышин ауылдық округінің Алабутала ауылының құрамына енгізіле отырып, Федоров ауданы Камышин ауылдық округінің Северное ауылы;

      Федоров ауданы Ленин ауылдық округінің Ленин ауылының құрамына енгізіле отырып, Федоров ауданы Ленин ауылдық округінің Байкино ауылы;

      Федоров ауданы Федоров ауылдық округінің Владыкинка ауылының құрамына енгізіле отырып, Федоров ауданы Федоров ауылдық округінің Андреевка ауылы таратылсын.

      2. Мыналар:

      Қарабалық ауданының Бөрлі ауылдық округі Қарабалық ауданының Бөрлі ауылы;

      Қарабалық ауданының Бозкөл ауылдық округі Қарабалық ауданының Бозкөл ауылы;

      Меңдіқара ауданының Теңіз ауылдық округі Меңдіқара ауданының Теңіз ауылы болып қайта құрылсын.

      3. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі К. Аксакалов
      Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы С. Ещанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады