2023 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы

Мерзімі біткен

Қостанай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 411 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 13 қазанда № 10070 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына және Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 180 "Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №28188 болып тіркелген) сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2023 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдері бекітілсін.

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі К. Аксакалов

      Келісілді

      Қазақстан Республикасы

      Экология және табиғи

      ресурстар министрлігі

  Қостанай облысы әкімдігінің
  2023 жылғы 29 қыркүйектегі
  № 411 қаулысына
  қосымша

2023 жылға арналған акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдері

Субсидиялау түрлері

Өлшем бірлігі

Субсидияланатын көлемі

Субсидиялар сомасы (мың теңге)

1

Балық өсіру-биологиялық негіздемені сатып алу шығыстарын субсидиялау

бірлік

2

108,035

2

Балық өсіру материалын сатып алу бойнша шығыстарды өтеуге арналған субсидиялар

2.1

албырт тұқымдас балықтар мен олардың будандары үшін

2.1.1

ұрықтанған уылдырық

дана

31 100 000

25 300,0

2.1.2

шабақ (10 граммға дейін)

дана

41 852 600

11 941,840

2.2

ақсаха тұқымдас балықтар мен олардың будандары үшін

2.2.1

дернәсілдер

дана

17 300 000

8 650,0

2.3

тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары үшін

2.3.1

дернәсілдер

дана

600 000

36,0

Барлығы

46 035,875


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады