Қостанай облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 71 "Облыстық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленетін, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 573 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 27 желтоқсанда № 10119-10 болып тіркелді

      Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай облысы әкімдігінің "Облыстық бюджет қаражаты есебінен қызметтің осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленетін, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" 2016 жылғы 19 ақпандағы № 71 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6206 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1-қосымшасында 2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "2. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:

      1) стационарлық үлгідегі ұйымның (психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедектігі бар балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекеменің, тірек-қозғалыс аппаратының ауытқулары бар мүгедектігі бар балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекеменің, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекеменің, егде және мүгедектігі бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекеменің, тәулік бойы тұру жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған ұйымның), жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның (күндізгі болу бөлімінің, аумақтық және оңалту орталықтарының, ұйымда көрсетілетін қызмет алушының күндізгі ұзақ және уақытша (6 айға дейінгі мерзімде) тұру жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған ұйымдардың) басшысы;

      2) облыстық маңызы бар ММ және МҚК басшысының орынбасары;

      3) аудандардың Мансап орталығының басшысы; жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның (күндізгі болу бөлімінің, аумақтық және оңалту орталықтарының, ұйымда көрсетілетін қызмет алушының күндізгі ұзақ және уақытша (6 айға дейінгі мерзімде) тұру жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған ұйымның), үй ішінде қызмет көрсету ұйымының (үй ішінде әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің, көрсетілетін қызмет алушының тұрғылықты орны бойынша үй ішінде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған ұйымның), уақытша болу ұйымының (әлеуметтік бейімделу орталықтарының, көрсетілетін қызметтер алушыларының, оның ішінде адам саудасы құрбандарының, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының, бостандықтан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған адамдардың түнде болу үйлерінің және басқалары) басшысы;

      4) облыстық маңызы бар стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі ұйымның медициналық бөлімшесінің меңгерушісі;

      5) аудандардың Мансап орталығы секторының басшысы; аудандардың Мансап орталығы бөлімінің басшысы; Мансап орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңесшісі; Мансап орталығының маманы;

      6) барлық мамандықтағы дәрігерлер;

      7) мейірбике (мейіргер);

      8) провизор (фармацевт);

      9) емдік дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы;

      10) фельдшер;

      11) акушер;

      12) тәрбиеші;

      13) логопед;

      14) психолог;

      15) әдіскер;

      16) барлық мамандықтағы мұғалімдер;

      17) еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы;

      18) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;

      19) мәдени ұйымдастырушы (бұқаралық жұмыс жөніндегі ұйымдастырушы);

      20) музыкалық жетекші;

      21) райттерапия (иппотерапия) жөніндегі нұсқаушы-әдіскер;

      22) жүзу жөніндегі нұсқаушы;

      23) дәріхана басшысы (меңгерушісі);

      24) кітапханашы.".

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi және 2023 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған қарым-қатынастарға қолданылады.

      Қостанай облысының әкімі К. Аксакалов

      Келісілді

      Қостанай облыстық

      мәслихаты

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады