Мәслихаттың 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 419 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 5 сәуірдегі № 7 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 12 сәуірде № 9949 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 17 қарашадағы № 98 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 17.11.2023 № 98 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Мәслихаттың 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 419 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9477 болып тіркелген) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:

      3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде жергілікті атқарушы органның мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі - алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ мереке күндеріне ақшалай нысанда көрсететін көмегі түсініледі.

      5- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "5. Мерекелік күндері:

      1) Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні - 15 ақпан;

      2) Жеңіс күні – 9 мамыр болып табылады.";

      "7. Біржолғы әлеуметтік көмек өмірлік қиын жағдайға тап болған келесі азаматтарға, сондай-ақ мереке күніне азаматтардың жекелеген санаттарына көрсетіледі:

      1) барлық санаттағы мүгедектерге, жедел емделуге, табыстарын есепке алмай, 50 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерде;

      2) барлық санаттағы мүгедектерге, олардың санаторийлерге және оңалту орталықтарына жол жүруі мен кері қайтуына байланысты шығындарын өтеу үшін, табыстарын есепке алмай, 3 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерде;

      3) барлық санаттағы мүгедектерге тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кірмейтін дәрілік заттарды сатып алуға және медициналық зерттеп-қарауға байланысты шығындарын өтеу үшін, табыстарын есепке алмай, нақты шығындар мөлшерінде, 50 айлық есептік көрсеткіштен артық емес;

      4) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматқа (отбасына), табыстарын есепке алмай, 50 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерде;

      5) туберкулездің белсенді түрімен ауыратын, мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымда диспансерлік есепте тұрған және амбулаториялық емдеудегі адамдарға, табыстарын есепке алмай, ай сайын, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерде;

      6) өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанда ең төмен күнкөріс деңгейі шамасынан төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар отбасылардың адамдарына, тұрмыстық қажеттіліктеріне, 7 айлық есептік көрсеткіштен артық емес мөлшерде;

      7) өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанда ең төмен күнкөріс деңгейі шамасынан төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар отбасылардың адамдарына, қайтыс болған күні халықты жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз ретінде тіркелген, қайтыс болған туыстарын, жұбайларын жерлеуге, сондай-ақ аз қамтылған отбасылардың адамдарына кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      8) Заңның 5, 6, 8- баптарында көрсетілген басқа мемлекеттердің аумағында ұрыстарға қатысқан ардагерлерге, Ауғанстан Демократиялық Республикасынан кеңес әскерінің шектеулі контингентін шығару күніне орай, табыстарын есепке алмай:

      ұрыс әрекеттерін жүргізу кезеңінде үйрету жиындарына шақырылған және Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілерге, 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде, бір рет;

      ұрыс әрекеттерін жүргізу кезеңінде жүктерді жеткізуге Ауғанстан еліне жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілеріне, 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде, бір рет;

      бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы (әрі қарай- КСР Одағы) аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмаларға ұшулар жасаған жазғы құрамның әскери қызметшілеріне, 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде, бір рет;

      Ауғанстанда кеңес әскери контингентіне қызмет жасаған, жаралану, контузия, жарақат алған, немесе ұрыс әрекеттерін қамтамасыз етуге қатысқан бұрынғы КСР Одағының ордендері мен медальдарымен марапатталған жұмыскерлер мен қызметшілерге, 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде, бір рет;

      бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа кезеңдерде атқару кезiнде жаралану, контузия, жарақат алған немесе ұрыс әрекеттері жүргізілген Ауғанстанда әскери қызмет өтеуі кезінде ауыруы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілерге 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде, бір рет;

      Ауғанстанда ұрыс әрекеттері кезеңінде қаза болған (іс -түссіз жоғалған) немесе жаралану, контузия, жарақат, ауыру алу салдарынан өлген әскери қызметшілердің отбасыларына, 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде, бір рет;

      9) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, Жеңіс күніне орай, табыстарын есепке алмай, 1000000 (бір миллион) теңге мөлшерінде;

      10) Жеңіс күніне орай, табыстарын есепке алмай:

      майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда Ұлы Отан соғысы кезеңінде қызмет өткерген әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі – КСР Одағы) iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына- 100 000 (бір жүз мың) теңге, бір рет;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдар атқарған не сол кезеңдерде майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының еріктi жалдамалы құрамының адамдарына -100 000 (бір жүз мың) теңге, бір рет;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк балалары (тәрбиеленушiлерi) және юнгалар ретiнде болған адамдарға -100 000 (бір жүз мың) теңге, бір рет;

      Екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шет елдердiң аумағында партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да фашизмге қарсы құралымдар құрамында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдарға -100 000 (бір жүз мың) теңге, бір рет;

      бұрынғы КСР Одағы Қатынас жолдары халық комиссариатының, Байланыс халық комиссариатының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтерілу құрамының, Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз жолы бас басқармасының ұшу-көтерілу құрамының арнаулы құралымдарының Ұлы Отан соғысы кезеңінде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шекаралары, флоттардың жедел аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерi үшін мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында еріксіз ұсталған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерiне -100 000 (бір жүз мың) теңге, бір рет;

      бұрынғы КСР Одағын қорғау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты ауруы салдарынан мүгедектігі белгіленген әскери қызметшілерге - 100 000 (бір жүз мың) теңге, бір рет;

      қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, жарақат алуы салдарынан не майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектігі белгіленген бұрынғы КСР Одағы мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына -100 000 (бір жүз мың) теңге, бір рет;

      Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған азаматтарға -60 000 (алпыс мың) теңге, бір рет;

      Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарына -100 000 (бір жүз мың) теңге, бір рет;

      1944 жылғы 1 қаңтар - 1951 жылғы 31 желтоқсаны аралығындағы кезеңде Украина КСР, Беларусь КСР, Литва КСР, Латвия КСР, Эстония КСР аумағында болған халықты қорғаушы жойғыш батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлерi мен командалық құрамы қатарындағы, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан мүгедектігі белгіленген адамдарға- 60 000 (алпыс мың) теңге, бір рет;

      Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің ата-аналары және екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне, екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) -30 000 (отыз мың) теңге, бір рет;

      Ұлы Отан соғысы кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі және ауруға шалыну салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі және ауруға шалыну салдарынан мүгедектігі бар деп теңестiрiлген адамның екiншi рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) -30 000 (отыз мың) теңге, бір рет;

      Жаралануы, контузия алуы, мертігуі және ауруға шалдығуы (құқыққа қайшы келетiндердi қоспағанда) салдарынан мүгедектігі бар адамдар деп танылған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушiнің, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) -30 000 (отыз мың) теңге, бір рет;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейін кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға -30 000 (отыз мың) теңге, бір рет;

      Заңның 5, 6, 8 - баптарында көрсетілген ардагерлерге және басқа тұлғаларға, 7-тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген тұлғалардан басқа, бір рет, 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі;

      13-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "13. Ай сайынғы әлеуметтік көмекті алу үшін:

      осы Қағидалардың 6-тармағы 1), 2) тармақшаларында көрсетілген, бірінші рет өтініш білдірген тұлғалар өтінішке қоса мынадай құжаттарды:

      1) жеке басын куәландыратын құжатты (жеке басын куәландыру үшін талап етіледі);

      2) өтініш берушінің әлеуметтік мәртебесін растайтын құжатты;

      осы Қағидалардың 6-тармағы 3) тармақшасында көрсетілген тұлғалар (отбасылар) немесе заңды өкілдері өтінішке қоса мынадай құжаттарды:

      1) жеке басын куәландыратын құжатты(жеке басын куәландыру үшін талап етіледі) ;

      2) адамның иммун тапшылығы вирусын растайтын құжатты ұсынады.".

      14-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "14. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын куәландыру үшін талап етіледі);

      2) Осы Қағидалардың 6-тармағы 4) тармақшасының екінші абзацында, 7-тармағының 6), 7) тармақшаларында көрсетілген адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер;

      3) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатты ұсынады.

      7-тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген тұлғалар ағымдағы жылға рецептілік бланкілердің дәрігер куәландырған көшірмелерін және кассалық чектерді ұсынады.

      Адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамастан тағайындалатын әлеуметтік көмек алу үшін адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер берілмейді.";

      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 2023 жылғы 15 ақпаннан бастап туындаған қатынастарға таратады.

      Аудандық мәслихаттың төреғасы Д. Койшибаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады