Әулиекөл аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 19 қыркүйектегі № 67 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 4 қазанда № 10064 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың төреғасы Д. Койшибаев

  Әулиекөл
  аудандық мәслихаты
  2023 жылғы 19 қыркүйектегі
  № 67 шешіміне
  қосымша

Әулиекөл аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1) Мәслихаттың "Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Әулиекөл ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін тұрғындар өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2014 жылғы 19 наурыздағы № 140 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4654 болып тіркелген) шешімі;

      2) Мәслихаттың "Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Аманқарағай ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындар өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2014 жылғы 19 наурыздағы № 141 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4655 болып тіркелген) шешімі;

      3) Мәслихаттың "Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Қазанбасы ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін тұрғындар өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2014 жылғы 19 наурыздағы № 144 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4658 болып тіркелген) шешімі;

      4) Мәслихаттың "Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Көктал ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін тұрғындар өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2014 жылғы 19 наурыздағы № 145 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4659 болып тіркелген) шешімі;

      5) Мәслихаттың "Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Москалев ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін тұрғындар өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2014 жылғы 19 наурыздағы № 147 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4661 болып тіркелген) шешімі;

      6) Мәслихаттың "Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Новонежин ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін тұрғындар өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2014 жылғы 19 наурыздағы № 148 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4662 болып тіркелген) шешімі;

      7) Мәслихаттың "Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Новоселов ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін тұрғындар өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2014 жылғы 19 наурыздағы № 149 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4663 болып тіркелген) шешімі;

      8) Мәслихаттың "Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Первомай ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін тұрғындар өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2014 жылғы 19 наурыздағы № 150 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4664 болып тіркелген) шешімі;

      9) Мәслихаттың "Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Сұлукөл ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін тұрғындар өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2014 жылғы 19 наурыздағы № 151 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4665 болып тіркелген) шешімі;

      10) Мәслихаттың "Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Тимофеев ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін тұрғындар өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2014 жылғы 19 наурыздағы № 153 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4667 болып тіркелген) шешімі;

      11) Мәслихаттың "Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Чернигов ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін тұрғындар өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы" 2014 жылғы 19 наурыздағы № 154 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4668 болып тіркелген) шешімі;

      12) Мәслихаттың "Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Диев ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін тұрғындар өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы " 2021 жылғы 26 қаңтардағы № 8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9741 болып тіркелген) шешімі;

      13) Мәслихаттың "Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Құсмұрын кентінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін тұрғындар өкілдерінің сандық құрамын бекіту турал" 2021 жылғы 26 қаңтардағы № 9 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9742 болып тіркелген) шешімі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады