Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 19.09.2023 № 67 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 09.02.2022 № 96 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Москалев ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 09.02.2022 № 96 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Москалев ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін тұрғындар өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 09.02.2022 № 96 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тоғызыншы | |
сессияның төрайымы | А. Кеңесбаева |
Аудандық | |
мәслихаттың хатшысы | А. Бондаренко |
КЕЛІСІЛДІ: | |
Әулиекөл ауданы Москалев | |
ауылдық округінің әкімі | |
_____________________ Ә.Қ. Есқатов |
Мәслихаттың | |
2014 жылғы 19 наурыздағы № 147 шешіміне 1-қосымша |
Ескерту. 1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышына өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 09.02.2022 № 96 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Москалев ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 09.02.2022 № 96 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Москалев ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес әзірленді және Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Москалев ауылдық округі тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін ауылдық округ аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл, көше тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Москалев ауылдық округінің аумағы учаскелерге (ауылдарға, көшелерге) бөлінеді.
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
5. Бөлек жиынды Москалев ауылдық округінің әкімі шақырады және ұйымдастырады.
6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Москалев ауылдық округінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етіледі.
7. Ауыл, көше шегінде бөлек жиынды өткізуді Москалев ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауыл, көшенің қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауыл, көшеде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
9. Бөлек жиынды Москалев ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Москалев ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Әулиекөл аудандық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
11. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
12. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны Москалев ауылдық округінің әкімінің аппаратына береді.
Мәслихаттың | |
2014 жылғы 19 наурыздағы № 147 шешіміне 2-қосымша |
Ескерту. 2-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышына өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 09.02.2022 № 96 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Москалев ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін тұрғындар өкілдерінің сандық құрамы
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 09.02.2022 № 96 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
№ | Москалев ауылдық округінің елді мекендерінің, көшелерінің атауы | Өкілдер саны (адам) |
1 | Москалев ауылы | 10 |
М.Г. Карпов атындағы көше | 1 | |
Апрельская көшесі | 1 | |
Наметов көшесі | 1 | |
Восточная көшесі | 1 | |
Цаль көшесі | 1 | |
Рябоконь көшесі | 1 | |
С. Баймағамбетов атындағы көше | 1 | |
Степная көшесі | 1 | |
Н.Ф. Ростовцев атындағы көше | 1 | |
Молодежная көшесі | 1 | |
2 | Жалтыркөл ауылы | 3 |
Барлығы | 13 |