Денисов аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың 2021 жылғы 6 қазандағы № 61 шешіміне "Денисов ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24787 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:
4-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
"4. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін өтініш берген айдан бастап ай сайын жүргізіледі.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Денисов аудандық мәслихатының төрағасы | В. Шерер |