Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № 76 "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгілеу туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 104 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 27 маусымда № 10033 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгілеу туралы" 2019 жылғы 13 мамырдағы № 76 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8430 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Денисов ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Денисов ауданы әкімінің орынбасары Е. Подело

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады