Мәслихаттың 2021 жылғы 22 қазандағы № 71 "Жітіқара ауданында мүгедектігі бар адамдар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшерін айқындау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 265 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 14 сәуірде № 9957 болып тіркелді

      Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың "Жітіқара ауданында мүгедектігі бар адамдар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшерін айқындау туралы" 2021 жылғы 22 қазандағы № 71 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25037 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімге 1-қосымшаның 4-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. Оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін өтініш берген айдан бастап жүргізіледі.";

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жітіқара аудандық мәслихатының төрағасы Н. Уразалинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады