"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Мәслихаттың мынадай шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) "Қамысты аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" 2018 жылғы 14 наурыздағы № 158 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7644 болып тіркелген);
2) "Мәслихаттың 2018 жылғы 14 наурыздағы № 158 "Қамысты аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2022 жылғы 25 наурыздағы № 108.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қамысты аудандық мәслихатының төрағасы | Н. Искаков |