Мәслихаттың "Қамысты ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы" 2023 жылғы 14 сәуірдегі № 14 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 2023 жылғы 18 қыркүйектегі № 83 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 25 қыркүйекте № 10059 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қамысты аудандық мәслихатының "Қамысты ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы" 2023 жылғы 14 сәуірдегі № 14 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9980 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қамысты аудандық мәслихатының төрағасы Н. Искаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады