Қамысты ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 2023 жылғы 14 сәуірдегі № 14 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 26 сәуірде № 9980 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 2023 жылғы 18 қыркүйектегі № 83 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қамысты ауданы мәслихатының 18.09.2023 № 83 шешімімен (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).     

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-10 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 5 қарашадағы № 787 "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Қамысты аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда туристерді орналастыру орындарындағы шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері - болу құнының 5 (бес) пайызы бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қамысты аудандық мәслихатының төрағасы Н. Искаков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады