Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Павлодар облыстық мәслихатының "Павлодар облысының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау қағидаларын бекіту туралы" 2021 жылғы 22 сәуірдегі № 22/3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7296 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
Осы шешіммен бекітілген Павлодар облысының елді мекендерінде ауыл шаруашылығы жануарларын асырау қағидаларының 3 – тармағы алынып тасталсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар облыстық мәслихатының төрағасы | Е. Айткенов |