Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 7 сәуірдегі "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы" № 106/3 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы әкімдігінің 2023 жылғы 3 қазандағы № 243/3 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 4 қазанда № 7399-14 болып тіркелді

      Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы 7 сәуірдегі "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы" № 106/3 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5121 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      осы қаулының Павлодар облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Павлодар облысының әкімі А. Байханов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Павлодар облыстық мәслихаты

  Павлодар облысы
әкімдігінің 2023 жылғы
3 қазандағы № 243/3
қаулысына қосымша
  Павлодар облысы
әкімдігінің 2016 жылғы
7 сәуірдегі № 106/3
қаулысына 2-қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi

      1. Мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорнының басшысы және басшысының орынбасары (әкімшілік-шаруашылық бөлім жөніндегі орынбасарынан басқа).

      2. Құрылымдық бөлімше, бөлім, сектор басшысы, бөлімше меңгерушісі.

      3. Мамандар: барлық мамандықтағы дәрігерлер, нұсқаушы, диеталық мейіргер, мейіргер, қарттарға және мүгедектігі бар тұлғаларға күтім көрсету бойынша әлеуметтік қызметкер, мүгедектігі бар балаларға және психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедектігі бар тұлғаларға күтім көрсету бойынша әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, мансап орталығының құрылымдық бөлімше (бөлім, сектор, топ) маманы, әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистент, әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, жүзу жөніндегі нұсқаушы, еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы, медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) әдіскері, арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, емдік дене шынықтыру жөніндегі маман, психолог, дефектолог, мансап орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты, мансап орталығының ассистенті.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады