Қазақстан Республикасының Экология кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Павлодар қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Павлодар қалалық мәслихатының 2020 жылғы 15 маусымдағы "Павлодар қаласында тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге (кәдеге жаратуды және қайта өңдеуді есепке алмай) арналған тарифтерді бекіту туралы" № 494/66 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6853 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Павлодар қалалық мәслихатының төрағасы | К. Кожин |
Павлодар қалалық маслихатының 2023 жылғы 29 мамырдағы № 32/3 шешіміне қосымша |
Павлодар қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
Атауы | Есептік бірлік | Қызметтердің құны (қосылған құн салығын қоса алғанда) теңге |
Жайлы үйлер | 1 тұрғыннан айына | 490 |
Жайлы емес үйлер | 1 тұрғыннан айына | 554 |
Бірлік (көлем) үшін жылдық тариф | 1 м3 | 2132 |