Сайлау учаскелерін тарату және Железин ауданы әкімінің 2021 жылғы 21 қазандағы "Железин ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" № 2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің 2023 жылғы 17 тамыздағы № 4 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 17 тамызда № 7383-14 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 23-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 2-тармағына сәйкес Железин ауданының әкімі ШЕШТІ:

      1. Железин ауданы әкімінің 2021 жылғы 21 қазандағы "Железин ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы" № 2 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24893 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      1) көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      "№ 219 сайлау учаскесі

      Сайлау учаскесінің орталығы: Дүйсеке ауылы, Торговая көшесі, 1/1 (келісім бойынша);

      сайлау учаскесінің шекарасы: Веселорощин ауылдық округі Дүйсеке ауылының аумағы.

      № 220 сайлау учаскесі

      Сайлау учаскесінің орталығы: Жаңабірлік ауылы, Школьная көшесі, 3/2 (келісім бойынша);

      сайлау учаскесінің шекарасы: Веселорощин ауылдық округі Жаңабірлік ауылының аумағы.";

      "№ 248 сайлау учаскесі

      Сайлау учаскесінің орталығы: Груздевка ауылы, Груздевская көшесі, 7 (келісім бойынша);

      сайлау учаскесінің шекарасы: Прииртышск ауылдық округі Груздевка ауылының аумағы." сөздері алынып тасталсын.

      2) көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      "сайлау учаскесінің шекарасы: Веселая роща ауылы," сөздерден кейін "Дүйсеке ауылы,";

      "сайлау учаскесінің шекарасы: Веселорощин ауылдық округі Славяновка ауылының" сөздерден кейін "және Жаңабірлік ауылының";

      "сайлау учаскесінің шекарасы: Прииртышск ауылдық округі Прииртышск ауылының" сөздерден кейін "және Груздевка ауылының" деген сөздермен толықтырылсын.

      3) № 236 және № 243 сайлау учаскелері жаңа редакцияда жазылсын:

      "№ 236 сайлау учаскесі

      Сайлау учаскесінің орталығы: Красновка ауылы, Ленин көшесі, 2, (келісім бойынша);

      сайлау учаскесінің шекарасы: Красновка ауылының аумағы, Михайлов ауылдық округінің "Қызыл тұз" теміржол аялдама пункті.";

      "№ 243 сайлау учаскесі

      Сайлау учаскесінің орталығы: Раздельное ауылы, Раздельная көшесі, 13/1 (келісім бойынша);

      сайлау учаскесінің шекарасы: Лесной ауылдық округі Раздельное ауылының аумағы.".

      2. "Павлодар облысы Железин ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Павлодар облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы шешімді кейіннен ресми мерзімді баспасөз басылымдарында жариялауды;

      3) осы шешімді Железин ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Павлодар облысы Железин ауданы әкімі аппаратының басшысы Қ. Б. Кималиденовке жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Железин ауданының әкімі А. Шайхимов

 

      КЕЛІСІЛДІ:

      Железин ауданы аумақтық

      сайлау комиссиясының төрағасы А. Каримова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады