Железин ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерінбелгілеудің және мұқтаж азаматтардыңжекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қарашадағы № 63/8 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 20 қарашада № 7418-14 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңына 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы" Заңының, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 523 қаулысына сәйкес, Железин аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Oсы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес қоса берілген Железин ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.

      2. Oсы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Железин аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік – экономикалық даму және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Железин аудандық мәслихатының төрағасы Т. Даулетов

  Железин аудандық
мәслихатының 2023 жылғы
16 қарашадағы № 63/8
шешіміне 1-қосымша

Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және Железин ауданының
мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың Қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 30.01.2025 № 161/8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Осы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Железин ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ардагерлер туралы", Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Железин ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.

1-тарау. Жалпы ережелер

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Железин ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      4) әлеуметтік көмек – уәкілетті орган мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар), сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне орай ақшалай көрсететін көмек;

      5) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган – "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын;

      6) ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға шаққандағы ең төмен ақшалай кіріс;

      7) жан басына шаққандағы орташа кіріс – отбасының бір айдағы жиынтық кірісінің отбасының әрбір мүшесіне тура келетін үлесі;

      8) мерекелік күндер (бұдан әрі – атаулы күндер) – Қазақстан Республикасының кәсіптік және өзге де мерекелері;

      9) уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қызметін реттеуді, бақылау функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      10) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін Железин ауданының ауылдық округтер әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

      11) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғарғы мөлшері;

      12) әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйым – екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар, "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелері;

      13) цифрлық құжаттар сервисі – "электрондық үкімет" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторға бекітіп берілген және ақпараттандыру объектілерінен алынған мәліметтер негізінде қалыптастырылған электрондық түрдегі құжаттарды көрсетуге және пайдалануға арналған объектісі;

      14) "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік және өзге де қызметтерге қол жеткізудің "ортақ терезесі" дегенді білдіретін ақпараттандыру объектісі;

      15) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

      3. Әлеуметтік кодекстің 71-бабының 4-тармағында, 170-бабының 3-тармағында, 229-бабының 3-тармағында, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында, 11-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 12-бабының 1-тармағының 2) тармақшасында, 13-бабының 2) тармақшасында, 17-бабында көрсетілген тұлғаларға әлеуметтік көмек осы Үлгілік қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын) көрсетіледі.

      5. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбелерін, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің дүркінділігін уәкілетті орган ұсынымы бойынша жергілікті өкілді органдар белгілейді:

      1) 15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығару күні;

      2) 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні;

      3) 26 сәуір-радиациялық апаттар мен апаттардың салдарын жоюға және осы апаттар мен апаттардың құрбандарын еске алуға қатысушылар күні;

      4) 7 мамыр - Отан қорғаушы күні;

      5) 9 мамыр - Жеңіс күні;

      6) 31 мамыр-Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні;

      7) 30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні:

      8) 1 қазан – Қарттар күні;

      9) 25 қазан – Қазақстан Республикасының күні;

      10) 16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күн.

2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау
және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      6. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган келесі санаттардағы азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетеді:

      мереке күндері мен атаулы күндерге орай біржолғы әлеуметтік көмек алушылардың өтініштері талап етілмей көрсетіледі:

      15 ақпан - Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күніне мемлекеттік корпорацияның тізімі негізінде:

      бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (бұдан әрі – КСР Одағы) қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілеріне 150 000 (жүз елу мың) теңге;

      оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлеріне 150 000 (жүз елу мың) теңге;

      Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерiне 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерiне 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылары мен қызметшiлеріне 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына 150 000 (жүз елу мың) теңге;

      8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органның тізімі негізінде:

      мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы көп балалы аналарына (отбасыларына) 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде;

      26 сәуір - радиациялық апаттар мен апаттардың салдарын жоюға және осы апаттар мен апаттардың құрбандарын еске алуға қатысушылар күніне мемлекеттік корпорацияның тізімі негізінде:

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарына және мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балаларына 150 000 (жүз елу мың) теңге;

      1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқандарына, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарына 150 000 (жүз елу мың) теңге;

      Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасыларына 150 000 (жүз елу мың) теңге;

      сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасыларына 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарына 150 000 (жүз елу мың) теңге;

      7 мамыр – Отан қорғаушы күніне мемлекеттік корпорацияның тізімі негізінде:

      2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 150 000 (жүз елу мың) теңге;

      1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне 150 000 (жүз елу мың) теңге;

      бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына 150 000 (жүз елу мың) теңге;

      9 мамыр –Жеңіс күніне мемлекеттік корпорацияның тізімі негізінде:

      Ұлы Отан соғысына қатысушыларына, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағын қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшiлеріне, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерiне 2 000 000 (екі миллион) теңге, сондай-ақ 10 (он) АЕК мөлшерінде азық-түлік жиынтығы;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарына, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде майданда, ұрыс қимылдары ауданында, майдан маңындағы теміржол учаскелерінде, қорғаныс шептерінің, әскери-теңіз базалары мен әуеайлақтардың құрылысжайларында жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген майдандағы армия мен флоттың әскери қызметшілеріне, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушілеріне, сондай-ақ жұмысшылары мен қызметшілеріне 2 000 000 (екі миллион) теңге мөлшерінде, сондай-ақ 10 (он) АЕК мөлшерінде азық-түлік жиынтығы;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық лауазымдар атқарған не сол кезеңдерде майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда болған Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының еріктi жалдамалы құрамының адамдарына 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      майдандағы армия бөлiмдерiнің әскери қызметшілеріне қалалардың қорғанысына қатысқаны үшін белгiленген жеңiлдiкті шарттармен зейнетақы тағайындау үшiн 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн еңбек сіңірген жылдарына есептеліп жазылған, сол қалаларда Ұлы Отан соғысы кезеңінде қызмет өткерген әскери қызметшiлеріне, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағы Қатынас жолдары халық комиссариатының, Байланыс халық комиссариатының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтерілу құрамының, Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз жолы бас басқармасының ұшу-көтерілу құрамының арнаулы құралымдарының Ұлы Отан соғысы кезеңінде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шекаралары, флоттардың жедел аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерi үшін мiндеттер атқарған қызметкерлерiне, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында еріксіз ұсталған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерiне 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк балалары (тәрбиеленушiлерi) және юнгалар ретiнде болған адамдарына 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шет елдердiң аумағында партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да фашизмге қарсы құралымдар құрамында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдарына 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргізілген мемлекеттерде қызметтік міндеттерін орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген, бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      басқа елдердегі майдандағы әскери контингенттерге қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдары жүргізілген кезеңде жаралануы, контузия алуы, мертігуі не ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген тиісті санаттардағы жұмысшылар мен қызметшілер 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарына 100 000 (жүз мың) теңге;

      1944 жылғы 1 қаңтар – 1951 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде Украина КСР, Беларусь КСР, Литва КСР, Латвия КСР, Эстония КСР аумағында болған халықты қорғаушы жойғыш батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлері мен командалық құрамы қатарындағы, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызметтік міндеттерін атқару кезінде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарына 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарына 60 000 (алпыс мың) теңге;

      1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілеріне, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына 150 000 (жүз елу мың) теңге;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарына 50 000 (елу мың) теңге;

      1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарына 50 000 (елу мың) теңге;

      бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн (қызметтік мiндеттерді) атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан қаза болған (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердің, партизандардың, астыртын әрекет етушiлердің, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы "Ардагерлер туралы" № 322 – VI Заңының 4,5 6 - баптарында аталған адамдардың отбасыларына 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жергiлiктi әуе шабуылына қарсы қорғаныстың объектiлiк және авариялық командаларының өзiн-өзi қорғау топтарының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасылары, Ленинград қаласының госпитальдары мен ауруханаларының қаза тапқан жұмыскерлерінiң отбасыларына 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      бұрынғы КСР Одағы Қорғаныс министрлiгiнің, ішкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының әскери мiндеттілер жиындарына шақырылған, қоғамға жат көрiнiстерге байланысты төтенше жағдайлар кезiнде қоғамдық тәртiптi қорғау жөнiндегi міндеттерді орындау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлерінiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасыларына 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) 60 000 (алпыс мың) теңге;

      бұрынғы КСР Одағының үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерiне, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдарына (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда) 150 000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;

      31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне мемлекеттік корпорацияның тізімі негізінде:

      сотпен немесе Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңында белгіленген тәртіппен саяси қуғын-сүргіндер құрбаны немесе саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен деп танылған азаматтарына 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      Социалистік Еңбек Ерлеріне, үш дәрежелі Еңбек Даңқы орденінің иегерлеріне 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      "Қазақстанның Еңбек Ері", "Халық қаһарманы" атағына ие болған адамдарға 10 (он) АЕК мөлшерінде;

      30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күніне уәкілетті ұйымның және әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі мемлекеттік корпорацияның тізімі негізінде:

      он сегіз жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі адамдар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде;

      Қазақстан Республикасының колледждерінде ақылы негізде оқитын мүгедектігі бар адамдарына 30 (отыз) АЕК мөлшерінде;

      Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында ақылы негізде оқитын мүгедектігі бар адамдарына 60 (алпыс) АЕК мөлшерінде;

      1 қазан - Карттар күніне мемлекеттік корпорацияның тізімі негізінде:

      зейнеткерлік жасқа толған, зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерінен төмен алатын азаматтарына 2 (екі) АЕК мөлшерінде;

      зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең аз мөлшерінен төмен алатын 80 жастағы және одан (асқан) көп жасқа толған азаматтарына 3 (үш) АЕК мөлшерінде;

      25 қазан - Қазақстан Республикасының күніне уәкілетті ұйымның тізімі негізінде:

      он сегіз жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балаларына 5 (бес) АЕК мөлшерінде;

      бірінші және екінші топтағы мүмкіндігі шектеулі адамдарына 5 (бес) АЕК мөлшерінде;

      16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне уәкілетті ұйымның тізімі негізінде:

      Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңымен белгіленген 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Қазақстандағы оқиғаларға қатысқан адамдарға 60 (алпыс) АЕК мөлшерінде.";

      7. Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган табыс есебінсіз көмек көрсетеді:

      Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, көрсетілген қызметтердің және (немесе) атқарылған жұмыстарына келісім-шартын қоса бере отырып, өтініш негізінде тұрғын үйді жөндеуге нақты шығындар бойынша 125 (жүз жиырма бес) АЕК мөлшерінде;

      сауықтыруға 80 (сексен) АЕК мөлшерінде уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;

      қатты отын сатып алуға 40 (қырық) АЕК мөлшерінде уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;

      оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлеріне, 2003 жылғы тамыз – 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне, 1992 жылғы қыркүйек – 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне, 1986 – 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілеріне, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарына, 1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқандарына, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарына, 1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарына 50 000 (елу мың) АЕК растайтын құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде;

      қатты отын сатып алуға 200000 (екі жүз мың) теңге мөлшерінде уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;

      бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға санаторлық-курорттық емделуге заңды өкілі жәңе жеке көмекшінің еріп жүруіне, 55 (елу бес) АЕК мөлшерінде, осы фактіні растайтын құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде;

      он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға санаторлық-курорттық емделуге заңды өкілі жәңе жеке көмекшінің еріп жүруіне, 20 (жиырма) АЕК мөлшерінде, осы фактіні растайтын құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде;

      мүгедектігі бар адамдарына қатты отын сатып алуға 4 (төрт) АЕК теңге мөлшерінде уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;

      бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (бұдан әрі – КСР Одағы) қорғау, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде атқару кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедектік белгіленген әскери қызметшілеріне, Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына, Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасыларына, сәуле ауруының салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың, сондай-ақ қайтыс болуы белгіленген тәртіппен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасыларына, бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасыларына, екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындарына, Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарына, Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы кезеңінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан болған мүгедектігі бар адамдарға теңестірілген қайтыс болған адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығуы, жұмыста мертігуі және басқа да себептер (құқыққа қарсы келетіндерді қоспағанда) салдарынан болған мүгедектігі бар адам деп танылған, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбына (жұбайына) қатты отын сатып алуға 24 (жиырма төрт) АЕК теңге мөлшерінде уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарына, 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарына, зейнеткерлік жасқа толған, зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төмен мөлшерінен төмен алатын азаматтарына қатты отын сатып алуға 8 (сегіз) АЕК теңге мөлшерінде уәкілетті ұйымның тізімі негізінде;

      ағымдағы жылғы жалпы білім беретін мектеп түлектерінің санынан тұлғалар, атап айтқанда: жетім балалар; ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, өтініш негізінде аудан әкімі, жоғары оқу орнының басшысы және студентпен қол қойған білім беру қызметтерін көрсетуге арналған үш жақты шартта, оқу жылындағы нақты құны мөлшерінде;

      2) ай сайынғы әлеуметтік көмек:

      ағымдағы жылғы жалпы білім беретін мектеп түлектерінің санынан тұлғалар, атап айтқанда: жетім балалар; ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, оқу кезеңінде тұруға, тамақтануға және тұрғылықты жеріне жол жүруге 8 (сегіз) АЕК мөлшерінде;

      бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға (өзіне-өзі күтім көрсете алмайтын және денсаулығының жай-күйіне байланысты үнемі көмек көрсетуге мұқтаж, өздерінің ата-аналарын (жұбайын) асырап-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті еңбекке жарамды кәмелетке толған балалары (жұбайы) жоқ немесе объективті себептер бойынша оларды тұрақты көмекпен және күтіммен қамтамасыз ете алмайтын жақын туыстары бар мүгедектігі бар адамдарға (қарттық жасына, бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарының, онкологиялық, психикалық ауруларының болуы, бас бостандығынан айыру орындарында отыруына немесе елден тыс жерге тұрақты тұруға кетуі немесе басқа елді мекенде тұруы) әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі ауылдық округ әкімдіктерінің тізімі негізінде 3 (үш) АЕК мөлшерінде;

      Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының, Павлодар облысы әкімдігінің "Железин аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ұсынатын тізім негізінде он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға, бірінші топтағы мүгедектерге (тексеруге және емдеуге перитонеальді диализ мен гемодиализге мұқтаж) 15 (он бес) АЕК мөлшерінде;

      кәмелетке толмаған балалары бар мүгедек адамдарға осы фактіні растайтын құжатты қоса бере отырып, өтініш негізінде әрбір балаға 3 (үш) АЕК мөлшерінде мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды күтіп-бағуға ақы төлеу үшін;

      3) азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздер бойынша:

      1) табиғи зілзаланың салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне залал келтіру;

      2) өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне залал келтіру;

      3) әлеуметтік маңызы бар аурудың болуы;

      4) жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың ең төменгі күнкөріс деңгейіне еселенген қатынасында болуы;

      5) бас бостандығынан айыру орындарынан босату, пробация қызметінің есебінде болу.

      3-1. кірісті есептемегенде біржолғы әлеуметтік көмек:

      азаматтарға (отбасыларға) зиян келтіруге байланысты азаматтарға (отбасыларға) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан оларға не оның мүлкіне нұқсан келтіруге байланысты (жеке басын куәландыратын құжатты не жеке басын куәландыратын құжатты қоса бере отырып, өтініш негізінде 100 (жүз) АЕК мөлшерінде бір бірліктен астам тұрғын үйі (пәтері, үйі) бар азаматтарды (отбасыларды) қоспағанда (жеке басын сәйкестендіру үшін), өрттің немесе табиғи зілзаласы салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне келтірілген залал фактісін растайтын құжат (төтенше жағдайлар бөлімінен анықтама);

      бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарға жеке басын куәландыратын құжатты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты (жеке басын сәйкестендіру үшін) қоса бере отырып, өтініш негізінде 10 (он) АЕК мөлшерінде пробация қызметінің есебінде болуы, бас бостандығынан айыру орындарынан босату, пробация қызметінің есебінде болу фактісін растайтын құжат;

      қатерлі ісіктерден, адамның иммун тапшылығы вирусынан (АИТВ) туындаған аурудан, "қант диабеті" ауруынан, дәнекер тінінің жүйелі зақымдануынан (жүйелі қызыл жегі), "созылмалы вирустық гепатиттер мен бауыр циррозынан", "балалардағы церебральды салданудан", "жедел миокард инфарктісінен (алғашқы 6 ай), тізім негізінде 10 (он) АЕК мөлшерінде, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының, Павлодар облысы әкімдігінің "Железин аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Павлодар кәсіпорнының денсаулық сақтау басқармасының "Железин аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнымен ұсынылатын өтініш, жеке басын куәландыратын құжатты қоса бере отырып, өтініш не цифрлық құжаттар сервисінен (жеке басын сәйкестендіру үшін) электрондық құжат, жеке басын куәландыратын құжаттың болуы фактісін растайтын құжат әлеуметтік маңызы бар ауру;

      басқарманың "Железин аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Павлодар кәсіпорны денсаулық сақтау басқармасының "Железин аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ұсынатын тізім негізінде "психикалық бұзылулар және мінез-құлықтың бұзылуы", "Ревматизм", "жүйке жүйесінің дегенеративті аурулары" ауруларынан зардап шегетін адамдарға 2 (екі) АЕК мөлшерінде Павлодар облысының денсаулық сақтау, Павлодар облысы әкімдігінің жеке басын куәландыратын құжаты қоса берілген өтініш, немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін), әлеуметтік маңызы бар аурудың болу фактісін растайтын құжат;

      Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының, Павлодар облысы әкімдігінің "Железин аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Павлодар кәсіпорны денсаулық сақтау басқармасының "Железин аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ұсынатын тізім негізінде "орталық жүйке жүйесінің Демиелинизациялайтын аурулары" ауруымен ауыратын адамдарға 3 (үш) АЕК мөлшерінде жеке басын куәландыратын құжаттың немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттың (жеке басын сәйкестендіру үшін), әлеуметтік маңызы бар аурудың болу фактісін растайтын құжат;

      Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының, Павлодар облысы әкімдігінің "Железин аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Павлодар кәсіпорны денсаулық сақтау басқармасының "Железин аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ұсынатын тізім негізінде 1 (бір) АЕК мөлшерінде "орфандық аурулар" ауруына шалдыққан адамдарға жеке басын куәландыратын құжаты қоса берілген өтініш немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін), құжат, әлеуметтік маңызы бар аурудың бар екендігін растайтын;

      3-2. кірістерді есептемегенде ай сайынғы әлеуметтік көмек:

      "Железин аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Павлодар кәсіпорны денсаулық сақтау басқармасының "Железин аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ұсынатын тізім негізінде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген екі есе күнкөріс минимумы мөлшерінде адамның иммун тапшылығы вирусынан (АИТВ) туындаған аурудан зардап шегетін балаларға Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының, Павлодар облысы әкімдігінің өтініштері, жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен (жеке басын сәйкестендіру үшін), әлеуметтік маңызы бар аурудың болу фактісін растайтын құжаттан электрондық құжат;

      Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының, Павлодар облысы әкімдігінің "Железин аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының фтизиатриялық кабинеті ұсынатын тізім негізінде 12 (он екі) АЕК мөлшерінде амбулаториялық емделіп жатқан туберкулезбен ауыратын адамдарға;

      8. уәкілетті орган кірістерді ескере отырып, адамдарға көмек көрсетеді:

      1) біржолғы әлеуметтік көмек:

      ағымдағы жылдың жалпы білім беретін мектептерінің түлектері қатарындағы адамдарға, атап айтқанда: жан басына шаққандағы орташа табысы ағымдағы жылдың екінші тоқсанында жеке басын куәландыратын құжаттарды қоса бере отырып, өтініш немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін) негізінде оқу ақысына төленетін ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір еселенген мөлшерінен аспайтын аз қамтылған отбасылар қатарындағы балаларға, (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер және білім беру қызметтерін көрсетуге арналған үшжақты шарт, аудан әкімі, жоғары оқу орнының басшысы және студент;

      өтініш негізінде және аудан әкімі, жоғары оқу орнының басшысы және студентпен қол қойған білім беру қызметтерін көрсетуге арналған үш жақты шартта көрсетілген оқу жылындағы нақты оқу құны мөлшерінде;

      Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының, Павлодар облысы әкімдігінің "Железин аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына уақтылы жүгінген жүкті әйелдерге жүктілігі бойынша 12 аптаға дейін есепке қою үшін (әлеуметтік көмек алуға үміткер отбасы құрамындағы жиынтық табысты есептеу кезінде ата-аналарын (асырап алушыларын) және олардың асырауындағы адамдарды есепке алу 18 жасқа толмаған балалар) жеке басын куәландыратын құжаттарды қоса бере отырып, өтініш негізінде 16,5 (он алты бүтін оннан бес) АЕК мөлшерінде, немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін), адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер;

      жан басына шаққандағы орташа табысы өтініш берген сәтте белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын отбасыларға пешпен жылытылатын жеке тұрғын үй қорында тұратын 13 (он үш) АЕК мөлшерінде жеке басын куәландыратын құжаттарды қоса бере отырып өтініш негізінде не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін), адамның (мүшелердің) табыстары туралы мәліметтер отбасылар);

      2) ай сайынғы әлеуметтік көмек:

      жоғары оқу орындарының оқуын аяқтау мерзіміне дейін, бұрын әлеуметтік көмек алған студенттерге оқу кезеңінде тұруға, тамақтануға және тұрғылықты жеріне жол жүруге өтініш негізінде 8 (сегіз) АЕК мөлшерінде.

      жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын отбасыларға бір жасқа дейінгі әрбір балаға қосымша тамақтануға жеке басын куәландыратын құжаттарды қоса бере отырып өтініш негізінде 5 (бес) АЕК мөлшерінде не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін), адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер беріледі.

      9. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне орай әлеуметтік көмектің мөлшерін жергілікті өкілді органдар облыс ЖАО-мен келісу бойынша бірыңғай мөлшерде белгілейді.

      10. Негіздер бойынша көрсетілетін әлеуметтік көмектің мөлшерін: дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуін, өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келуін, жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілеген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуын арнайы комиссия айқындайды, ол оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттігі туралы қорытындыда көрсетеді.

      Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Павлодар облысының әкімдігімен бекітілетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.

3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      11. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі, әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту, әлеуметтік көмек көрсетуге арналған шығыстарды қаржыландыру, көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздер Үлгілік қағидалардың 11-33-тармақтарына сәйкес айқындалған.

      12. Мемлекеттік корпорация ай сайын есепті кезеңде айдан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей осы шешімнің 3 - қосымшасына сәйкес екінші деңгейлі банктер және "Қазпошта" АҚ бөлінісінде жүргізілген әлеуметтік көмек төлемдері бойынша мәліметтерді әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға жібереді.

      Государственная корпорация ежемесячно не позднее 20 числа месяца, следующего за отчетным периодом направляет в уполномоченный орган по оказанию социальной помощи сведения по произведенным выплатам социальной помощи в разрезе банков второго уровня и АО "Казпочта" в соответствии с приложением 3 к настоящему решению.

  Железин аудандық
мәслихатының 2023 жылғы
16 қарашадағы № 63/8
шешіміне 2-қосымша

Железин аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Железин аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі "Железинка ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 486/6 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6984 болып тіркелген).

      2. Железинка аудандық мәслихатының 2021 жылғы 24 желтоқсандағы "Железин аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі "Железинка ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың кағидаларын бекіту туралы" № 486/6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 97/7 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26471 болып тіркелген).

      3. Железинка аудандық мәслихатының 2022 жылғы 18 наурыздағы "Железин аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі "Железинка ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың кағидаларын бекіту туралы" № 486/6 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" № 133/7 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27530 болып тіркелген).

      4. Железин аудандық мәслихатының 2022 жылғы 29 шілдегі "Железин аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі "Железинка ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың кағидаларын бекіту туралы" № 486/6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 162/7 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29009 болып тіркелген).

      5. Железин аудандық мәслихатының 2022 жылғы 21 желтоқсандағы "Железин аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі "Железинка ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың кағидаларын бекіту туралы" № 486/6 шешіміне толықтыру енгізу туралы" № 214/7 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31311 болып тіркелген).

      6. Железин аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 маусымдағы "Железин аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 қыркүйектегі "Железинка ауданындағы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың кағидаларын бекіту туралы" № 22/6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" № 37/8 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7352-14 болып тіркелген).

  Железин аудандық
мәслихатының 2023
жылғы 16 қарашадағы
№ 63/8 шешіміне
3-қосымша

      Ескерту. Шешім 3-қосымшамен толықтырылды - Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 30.01.2025 № 161/8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      __________________ облысы _________________ ауданы бойынша (уәкілетті органның атауы) екінші деңгейлі банктер (ЕДБ) және "Қазпошта" АҚ бөлінісінде жүргізілген әлеуметтік көмек төлемдері жөніндегі мәліметтер

      Есепті кезең _____________

р/с №

Екінші деңгейлі банктер мен "Қазпошта" АҚ атауы

"Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ аударылды

ЕДБ мен "Қазпошта" АҚ қайтарылды

"Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ төленді

Әлеуметтік көмек атауы

алушылардың саны

теңге сомасы

алушылардың саны

теңге сомасы

алушылардың саны

теңге сомасы

1

2

3

4

5

6

7

8

9











БАРЛЫҒЫ









Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады