"Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналдық қызметтерге тарифтердің көтерілуіне байланысты әлеуметтік көмек көрсету және өтемақы төлеу мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Алматы қаласы мәслихатының 2023 жылғы 9 тамыздағы № 37 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

VIII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс XI сессиясының 2023 жылғы 1 желтоқсандағы № 65 шешiмi. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2023 жылғы 6 желтоқсанда № 1746 болып тіркелді

      Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналдық қызметтерге тарифтердің көтерілуіне байланысты әлеуметтік көмек көрсету және өтемақы төлеу мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Алматы қаласы мәслихатының 2023 жылғы 9 тамыздағы № 37 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1735 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы шешім 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылдың 30 маусымына дейін қолданылады.";

      аталған шешіммен бекітілген, мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналдық қызметтерге тарифтердің көтерілуіне байланысты әлеуметтік көмек көрсету және өтемақы төлеу мөлшерін белгілеу қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар):

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналдық қызметтерге тарифтердің көтерілуіне байланысты әлеуметтік көмек көрсету және өтемақы төлеу мөлшерін белгілеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсету тәртібін айқындайды.";

      2-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;

      6-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Әлеуметтік көмек кірісті есептемей 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, 2023 жылғы 1 қарашадан бастап – республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленетін 0,6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мұқтаж азаматтардың мынадай жекелеген санаттарына көрсетіледі:";

      9 және 10-тармақтар алып тасталсын;

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш берушінің құжаттары тіркелген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде өтініш негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.";

      3-бөлім мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:

      "16-1. Егер көрсетілетін қызметті алушы 2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша әлеуметтік көмек алушы болып табылған жағдайда, оған көрсетілетін қызмет берушіге жүгінбей-ақ әлеуметтік көмек тағайындалады.

      Өтініш берушілерге 2023 жылғы 31 желтоқсаннан кейін әлеуметтік көмек тағайындалады және өтініш берілген айдан бастап төленеді.".

      Қағидалардың 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Қағидалардың 2-қосымшасы алып тасталсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласы мәслихатының төрағасы М. Отыншиев

  Алматы қаласы
мәслихатының 2023 жылғы
1 желтоқсандағы № 65
шешіміне қосымша
  Мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарына
коммуналдық қызметтерге
тарифтердің
көтерілуіне байланысты әлеуметтік көмек
көрсету және өтемақы төлеу мөлшерін белгілеу
Қағидасына 1-қосымша
  Нысан
Уәкілетті органның басшысына
____________________________
(қала, аудан)

Өтініш

      Тегі:________________________________________________________________

      Аты: ________________________________________________________________

      Әкесінің аты (бар болса)________________________________________________

      Туған күні "____" _____________ _____ жыл

      ЖСН _______________________________________________________________

      Мәртебесі: ___________________________________________________________

      Сізден санат бойынша коммуналдық қызметтерге тарифтердің көтерілуіне байланысты әлеуметтік көмек көрсетуіңізді сұраймын____________________________________________________________

      Үйінің мекенжайы: ___________________________________________________

      Телефон: ____________________________________________________________

      Банк деректемелері:

      Банктің атауы ________________________________________________________

      Банк шотының № _____________________________________________________

      Шот түрі: ____________________________________________________________

      "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төлемді тағайындаған (қайта есептеген) кезде, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз міндеттемелерін орындаған кезде қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, ақпараттық жүйелерде бар, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді сақтауға және пайдалануға келісім беремін. Банк шотының иесі ретінде өзім туралы, екінші деңгейдегі банктердегі, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдардағы, "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелеріндегі банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді алуға келісім беремін. Тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кету), анкеталық деректердің, банктік деректемелердің өзгеруі туралы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға 10 (он) жұмыс күні ішінде хабарлауға міндеттенемін. Жергілікті бюджеттен төленетін әлеуметтік көмекті есептеу үшін жеке банк шотын ашу мүмкіндігі туралы, сондай-ақ осындай шоттағы ақшаны үшінші тұлғалардың өндіріп алуға жүгінуіне жол берілмейтіні туралы хабардармын.

      20____ жылғы "____" ___________

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), өтініш берушінің (заңды өкілінің) қолы

      Құжаттарды қабылдаған:

      ____________________________________________________________________

      (өтінішті қабылдаған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы)

      20____ жылғы "____" ____________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады