Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналдық қызметтерге тарифтердің көтерілуіне байланысты әлеуметтік көмек көрсету және өтемақы төлеу мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

VIII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс VII сессиясының 2023 жылғы 9 тамыздағы № 37 шешiмi. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2023 жылғы 14 тамызда № 1735 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-3 тармағына сәйкес Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналдық қызметтерге тарифтердің көтерілуіне байланысты әлеуметтік көмек көрсету және өтемақы төлеу мөлшерін белгілеу қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешім 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылдың 30 маусымына дейін қолданылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Aлматы қаласы мәслихатының 01.12.2023 № 65 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Алматы қаласы мәслихатының төрағасы М. Отыншиев

  Алматы қаласы
мәслихатының
2023 жылғы 9 тамыздағы
№ 37 шешіміне
қосымша

Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналдық қызметтерге
тарифтердің көтерілуіне байланысты әлеуметтік көмек көрсету және өтемақы
төлеу мөлшерін белгілеу қағидасы

      1. Осы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналдық қызметтерге тарифтердің көтерілуіне байланысты әлеуметтік көмек көрсету және өтемақы төлеу мөлшерін белгілеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсету тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Aлматы қаласы мәслихатының 01.12.2023 № 65 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

1. Жалпы ережелер

      2. Осы Қағидаларда келесі ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) уәкілетті орган – әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын Алматы қаласы аудандары әкімдерінің аппараттары;

      3) алып тасталды - Aлматы қаласы мәслихатының 01.12.2023 № 65 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Aлматы қаласы мәслихатының 01.12.2023 № 65 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына Коммуналдық қызметтерге тарифтердің көтерілуіне өтемақы төлеуге әлеуметтік көмек (бұдан әрі – әлеуметтік көмек) ақшалай нысанда көрсетіледі және Алматы қаласында тұрақты тұратын және тіркелген азаматтарға ұсынылады.

      4. Әлеуметтік көмек 2023 жылғы 1 шілдеден бастап ай сайын қаржы жылына көрсетіледі.

      Төлем ай сайын әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылданған айдан кейінгі айдың 10-күніне қарай жүзеге асырылады.

      5. Әлеуметтік көмек алушылар ұсынылған мәліметтердің дұрыстығына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және
әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      6. Әлеуметтік көмек кірісті есептемей 0,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, 2023 жылғы 1 қарашадан бастап – республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленетін 0,6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, 2024 жылғы 1 наурыздан – 0,75 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, 2024 жылғы 1 сәуірден – 0,8 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мұқтаж азаматтардың мынадай жекелеген санаттарына көрсетіледі:

      1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;

      2) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;

      3) жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге;

      4) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға;

      5) мүгедектігі бар баласы (балалары) бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасыларға;

      6) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға, көп балалы отбасыларға;

      7) мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті атқару кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмірін құтқару кезінде, құқықтық тәртіпті қорғау кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасыларына;

      8) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 207-бабының 1-тармағына сәйкес жасы бойынша зейнеткерлерге;

      9) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, мемлекеттің толық қамтамасыз етуіндегілерді қоспағанда.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - Aлматы қаласы мәслихатының 01.12.2023 № 65 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - Aлматы қаласы мәслихатының 29.03.2024 № 96 (01.03.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      7. Осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген бірнеше санатқа жататын әрбір адамға әлеуметтік көмек тек бір негіз бойынша аударылады.

3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      8. Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінен немесе отбасы атынан тұрғылықты жерін тіркеу орны бойынша уәкілетті органға немесе "Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Басқарма) жеке басын куәландыратын құжатты (жеке басын сәйкестендіру үшін) қоса бере отырып өтініш береді.

      Әлеуметтік көмек алуға өтініш осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысанда беріледі.

      Өтініш Басқармаға берілген жағдайда, бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің тіркелген жері бойынша уәкілетті органға қарау үшін беріледі.

      Басқармаға жүгінген кезде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.

      9. алып тасталды - Aлматы қаласы мәслихатының 01.12.2023 № 65 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      10. алып тасталды - Aлматы қаласы мәслихатының 01.12.2023 № 65 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      11. Уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш берушінің құжаттары тіркелген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде өтініш негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.12. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - Aлматы қаласы мәслихатының 01.12.2023 № 65 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      13. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:

      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталуы;

      2) тұрғын үй көмегін алуы;

      3) осы Қағиданың 6 тармағында көрсетілген санаттарға кірмейтін адамға.

      14. Әлеуметтік көмек алушылар өздерінің тұрақты тұрғылықты жерін тіркеу орны бойынша уәкілетті органға оны алу құқығына әсер ететін мән-жайлардың өзгергені туралы 10 күн ішінде хабарлайды.

      15. Алушы қайтыс болған жағдайда әлеуметтік көмек төлеу азаматтық хал актілерін тіркеу органдарынан (АХАТ) алынған алушының қайтыс болғаны туралы мәліметтер және (немесе) тізімдер негізінде тоқтатылады.

      16. Әлеуметтік көмекті қаржыландыру ағымдағы қаржы жылына көзделген Алматы қаласы бюджетінің мүмкіндігін ескере отырып, әлеуметтік көмек алушылардың осы Қағиданың 6-тармағында көрсетілген әрбір жеке санаты бойынша жүзеге асырылады.

      16-1. Егер көрсетілетін қызметті алушы 2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша әлеуметтік көмек алушы болып табылған жағдайда, оған көрсетілетін қызмет берушіге жүгінбей-ақ әлеуметтік көмек тағайындалады.

      Өтініш берушілерге 2023 жылғы 31 желтоқсаннан кейін әлеуметтік көмек тағайындалады және өтініш берілген айдан бастап төленеді.

      Ескерту. 16-1-тармақпен толықтырылды - Aлматы қаласы мәслихатының 01.12.2023 № 65 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздер

      17. Әлеуметтік көмек мынадай жағдайларда тоқтатылады:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;

      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған;

      5) тұрғын үй көмегін тағайындаған.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      18. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

5. Қорытынды ереже

      19. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

  Мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарына
коммуналдық қызметтерге
тарифтердің
көтерілуіне байланысты әлеуметтік көмек
көрсету және өтемақы төлеу мөлшерін белгілеу
Қағидасына 1-қосымша
  Нысан
Уәкілетті органның басшысына
____________________________
(қала, аудан)

Өтініш

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Aлматы қаласы мәслихатының 01.12.2023 № 65 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Тегі:________________________________________________________________

      Аты: ________________________________________________________________

      Әкесінің аты (бар болса)________________________________________________

      Туған күні "____" _____________ _____ жыл

      ЖСН _______________________________________________________________

      Мәртебесі: ___________________________________________________________

      Сізден санат бойынша коммуналдық қызметтерге тарифтердің көтерілуіне байланысты әлеуметтік көмек көрсетуіңізді сұраймын____________________________________________________________

      Үйінің мекенжайы: ___________________________________________________

      Телефон: ____________________________________________________________

      Банк деректемелері:

      Банктің атауы ________________________________________________________

      Банк шотының № _____________________________________________________

      Шот түрі: ____________________________________________________________

      "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төлемді тағайындаған (қайта есептеген) кезде, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз міндеттемелерін орындаған кезде қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, ақпараттық жүйелерде бар, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді сақтауға және пайдалануға келісім беремін. Банк шотының иесі ретінде өзім туралы, екінші деңгейдегі банктердегі, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдардағы, "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелеріндегі банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді алуға келісім беремін. Тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кету), анкеталық деректердің, банктік деректемелердің өзгеруі туралы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға 10 (он) жұмыс күні ішінде хабарлауға міндеттенемін. Жергілікті бюджеттен төленетін әлеуметтік көмекті есептеу үшін жеке банк шотын ашу мүмкіндігі туралы, сондай-ақ осындай шоттағы ақшаны үшінші тұлғалардың өндіріп алуға жүгінуіне жол берілмейтіні туралы хабардармын.

      20____ жылғы "____" ___________

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), өтініш берушінің (заңды өкілінің) қолы

      Құжаттарды қабылдаған:

      ____________________________________________________________________

      (өтінішті қабылдаған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы)

      20____ жылғы "____" ____________

  "Мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарына
коммуналдық қызметтерге
тарифтердің көтерілуіне
байланысты
әлеуметтік көмек көрсету және
өтемақы төлеу мөлшерін
белгілеу"
Қағидаларына
2-қосымша

Учаскелік комиссияның № ______ қорытындысы

      Ескерту. 2-қосымша алып тасталды - Aлматы қаласы мәслихатының 01.12.2023 № 65 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады