Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Алматы қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жолақы жеңілдігін беру туралы" Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 15 қыркүйектегі № 367 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1206 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға және он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға;";
1-тармақтың 6) тармақшасы алып тасталсын;
2-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) 2023 жылғы 20 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексінің 207-бабы 1-тармағына сәйкес зейнет жасына толған зейнеткерлерге;";
2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды алып жүретін адамдарға.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласы мәслихатының төрағасы | М. Отыншиев |