Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің 2018 жылғы 19 наурыздағы "Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" № 2 шешімінің күшін жою туралы

Жаңа

Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің 2023 жылғы 13 шілдедегі № 02 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2023 жылғы 17 шілдеде № 1729 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі ШЕШТІ:

      1. Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің 2018 жылғы 19 наурыздағы "Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" № 2 шешімінің (Алматы қаласы Әділет департаментінде 2018 жылғы 3 сәуірде № 1460 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің аппарат басшысына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      А. Егембердиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады