2023 жылға Солтүстік Қазақстан облысы акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға арналған субсидиялар көлемін бекіту туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 27 қарашадағы № 219 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2023 жылғы 27 қарашада № 7634-15 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 1-13) тармақшасына, "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 5-14) тармақшасына, "Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 180 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28188 болып тіркелді) бекітілген Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларының 4-тармағына сәйкес, мәслихаттың 2023 жылғы 30 маусымдағы № 4/2 шешімі негізінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2023 жылға Солтүстік Қазақстан облысы акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға арналған субсидиялар көлемі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) осы қаулыны Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Г. Нурмухамбетов

      "КЕЛІСІЛДІ"

  "Қазақстан Республикасы
  Экология және табиғи
  ресурстар министрлігі"
  республикалық мемлекеттік мекемесі
  Солтүстік Қазақстан
  облысы әкімдігінің
  2023 жылғы "27" қарашадағы
  № 219 қаулысына қосымша

2023 жылға Солтүстік Қазақстан облысы акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға арналған субсидиялар көлемі

Субсидиялау түрлері

Өлшем бірлігі

Субсидияланатын көлем

Субсидия сомасы, (мың теңге)

1

Балық өсіру материалын сатып алғаны үшін шығыстарды өтеу бойынша субсидиялар:




1.1

Ақсаха тұқымдас балықтар мен олардың будандары (дернәсілдер)

дана

75 083 000

18770,75

1.2

Тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары (дернәсілдер)

дана

8 900 000

267

1.3

Тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары (құртшабақтар) 30 грамға дейін

дана

63 000

472,5

2

Балық өсіру-биологиялық негіздемесін сатып алғаны үшін шығыстарды өтеу бойынша субсидиялар

дана

1

489,75

Жиыны




20 000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады