Қазақстан Республикасының "Жарнама туралы" Заңының 17-2-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына сәйкес, Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Петропавл қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының әкімі |
С. Мухамедиев |
Петропавл қаласының | |
2023 жылғы 19 шілдедегі | |
№ 923 қаулысына қосымша |
Мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралардың афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындар тізбесі
1) мәдени, спорт ғимараттары және құрылысжайларының аумағында мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралардың афишаларын орналастыру үшін пайдаланылатын конструкциялар;
2) Петропавл қаласы шегіндегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістіктегі сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері.