Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 24.11.2023 № 2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 2-3 тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Петропавл қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Петропавл қалалық мәслихатының 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 6 шешіміне ("Қызылжар Нұры" және "Проспект СК" газеттерінде 2014 жылғы 29 қаңтарда жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2515 болып тіркелген) келесідей өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
"6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі мен мөлшері осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес белгіленеді.
Алушылардың жекеленген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.";
"18) Петропавл қаласының аумағында алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін және тарату орны бойынша 3 жылдан кем емес жұмыс жағдайында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жұмыс істейтін, мемлекеттік және жеке медициналық ұйымдарға тұрақты жұмыс орындарына келген дәрігерлердің және медициналық жоғары оқу орындарының түлектерінің әлеуметтік көмек алуға мұқтаждығы";
"20) "Туберкулездің белсенді түрімен ауыратын және Солтүстік Қазақстан облысының фтизиопульмонология орталығында амбулаторлық емделуде жатқан азаматтардың қосымша тамақтануға мұқтаждығы";
"22) "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 9-бабы 1-тармағында көрсетілген, соғыс мүгедектеріне, сондай-ақ қаза болған әскери қызметшілер отбасыларының берілген анықтама негізінде жеке тұрғын үй салу үшін қырық текше метрден артық болмайтын мөлшерде түбірімен сүрекке мұқтаж болуы".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
__________________Қ. Ақсақалов
р/с №
|
Атаулы күндер мен мереке күндерінің және әлеуметтік көмекті алушылар санаттарының атауы
|
Әлеуметтік көмек көрсетудің еселігі және мөлшері
|
15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні
|
1
|
Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы үкiмет органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттiң аумақтарындағы ұрыс қимылдарына қатысқан - Совет Армиясының, Әскери-Теңiз флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң қатардағы және басқарушы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса есептегенде); жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезде Ауғанстанға жiберiлген әскери мiндеттiлер; ұрыс қимылдары жүрiп жатқан осы елге жүк жеткiзу үшiн Ауғанстанға жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi; бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмаларды орындау үшiн ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшiлерi; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшiн бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер
|
Жылына 1 (бір) рет
15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштері
|
2
|
Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын қорғау кезiнде, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа уақытта орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттерде әскери мiндетiн өтеу кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер
|
Жылына 1 (бір) рет
15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштері
|
3
|
Басқа елдерде қимыл жасаған әскер құрамдарына қызмет көрсеткен және ұрыс қимылдарын жүргiзу кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан мүгедек болған тиiстi санаттағы жұмысшылар мен қызметшiлер
|
Жылына 1 (бір) рет
15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштері
|
4
|
Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезеңiнде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасылары
|
Жылына 1 (бір) рет
15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштері
|
5
|
1979 жылдың 1 желтоқсаны мен 1989 жылдың желтоқсаны аралығында Ауғанстанға және ұрыс қимылдары жүрiп жатқан басқада мемлекеттерге жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлер
|
Жылына 1 (бір) рет
15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштері
|
6
|
Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Мемлекет қауiпсiздiгi комитетiнiң Ауғанстанда уақытша, болған және совет әскерлерiнiң шектелген құрамына енбеген жұмысшылары мен қызметшiлерi
|
Жылына 1 (бір) рет
15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштері
|
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні
|
1
|
"Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, I және II дәрежелі "Ана Даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналар
|
Жылына 1 (бір) рет
10 (он) айлық есептік көрсеткіштері
|
2
|
Бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған баласы, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар көпбалалы отбасылар
|
Жылына 1 (бір) рет
5 (бес) айлық есептік көрсеткіштері
|
26 сәуір – Чернобыль атом электр станциясындағы апатты еске алу күні
|
1
|
1986-1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдар
|
Жылына 1 (бір) рет
15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштері
|
2
|
Чернобыль атом электрстанциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуы себебiнен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балалары
|
Жылына 1 (бір) рет
15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштері
|
3
|
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары
|
Жылына 1 (бір) рет
15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштері
|
4
|
Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынаулардың салдарынан сәуле ауруына шалдығып қайтыс болғандардың, немесе өлiмi белгiленген тәртiппен солардың ықпалына байланысты болған мүгедектердiң, сондай-ақ азаматтардың отбасылары
|
Жылына 1 (бір) рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштері
|
5
|
1988-1989 жылдардағы Чернобыль атом электр станциясындағыапаттың зардаптарын жоюға қатысқан, оқшаулау аймағынан Қазақстан Республикасына қоныс аудартқан (өз еркiмен көшкен) адамдар қоныс аудартқан күнi анасының құрсағындағы балаларды қоса алғанда
|
Жылына 1 (бір) рет
15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштері
|
7 мамыр – Отан қорғаушы күні
|
1
|
Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Қорғаныс министрлiгiне, iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарына әскери мiндетiн өтеу жиындарына шақырылған, қоғамға жат көрiнiстерге байланысты төтенше жағдайлар кезiнде қоғамдық тәртiптi сақтау жөнiндегi тапсырмаларды орындау барысында қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң, басшы және қатардағы құрам адамдарының отбасылары
|
Жылына 1 (бір) рет
5 (бес) айлық есептік көрсеткіштері
|
2
|
Бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасылары
|
Жылына 1 (бір) рет 5 (бес) айлық есептік көрсеткіштері
|
9 мамыр – Жеңіс күні
|
1
|
Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері
|
2020 жылғы 9 мамырды қоспағанда жылына 1 (бір) рет
100 (жүз) айлық есептік көрсеткіштері;
2020 жылғы 9 мамырға 1000000 (бір миллион) теңге
|
2
|
Қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептелдi қалаларда Ұлы Отан соғысы кезiнде қызмет атқарған әскери қызметшiлер, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары
|
2020 жылғы 9 мамырды қоспағанда жылына 1 (бір) рет
5 (бес) айлық есептік көрсеткіштері;
2020 жылғы 9 мамырға 100000 (жүз мың) теңге
|
3
|
Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтарда, мекемелерде штаттық қызмет атқарған Совет Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк әскерлерi мен органдарының ерiктi жалдама құрамаларының адамдары, яки сол кездерде қорғанысына қатысу майдандағы армия бөлiмдерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiк шарттарымен зейнетақы тағайындау үшiн еңбек өткерген жылдарына 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн есептеледi қалаларда болған адамдар
|
2020 жылғы 9 мамырды қоспағанда жылына 1 (бір) рет
5 (бес) айлық есептік көрсеткіштері;
2020 жылғы 9 мамырға 100000 (жүз мың) теңге
|
4
|
Ұлы Отан соғысы кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген бөлiмдердiң, штабтар мен мекемелердiң құрамында полк баласы (тәрбиеленушiсi) және теңiзшi бала ретiнде болғандар
|
2020 жылғы 9 мамырды қоспағанда жылына 1 (бір) рет
5 (бес) айлық есептік көрсеткіштері;
2020 жылғы 9 мамырға 100000 (жүз мың) теңге
|
5
|
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында шетелдердiң аумағында фашистiк Германия мен оның одақтастарына қарсы ұрыс қимылдарына партизан отрядтары, астыртын топтар және басқа да антифашистiк құрамалар құрамында қатысқан адамдар
|
2020 жылғы 9 мамырды қоспағанда жылына 1 (бір) рет
5 (бес) айлық есептік көрсеткіштері;
2020 жылғы 9 мамырға 100000 (жүз мың) теңге
|
6
|
Қатынас жолдары халық комиссариаты, Байланыс халық комиссариаты арнайы құрамаларының, кәсiпшiлiк және көлiк кемелерiнiң жүзу құрамы мен авиацияның ұшу-көтеру құрамының, бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Балық өнеркәсiбi халық комиссариатының, Теңiз және өзен флотының, Солтүстiк теңiз және жолы Бас басқармасының ұшу-көтеру құрамының Ұлы Отан соғысы кезiнде әскери қызметшiлер жағдайына көшiрiлген және ұрыс майдандарының тылдағы шептерi, флоттардың оперативтiк аймақтары шегiнде майдандағы армия мен флот мүдделерiне орай мiндеттер атқарған қызметкерлерi, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының бас кезiнде басқа мемлекеттердiң порттарында тұтқындалған көлiк флоты кемелерi экипаждарының мүшелерi
|
2020 жылғы 9 мамырды қоспағанда жылына 1 (бір) рет
5 (бес) айлық есептік көрсеткіштері;
2020 жылғы 9 мамырға 100000 (жүз мың) теңге
|
7
|
Қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен әрi "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтар
|
2020 жылғы 9 мамырды қоспағанда жылына 1 (бір) рет
5 (бес) айлық есептік көрсеткіштері;
2020 жылғы 9 мамырға 60000 (алпыс мың) теңге
|
8
|
Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындары
|
2020 жылғы 9 мамырды қоспағанда жылына 1 (бір) рет
5 (бес) айлық есептік көрсеткіштері;
2020 жылғы 9 мамырға 100000 (жүз мың) теңге
|
9
|
Әскери мiндетiн орындау кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан, яки майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген мемлекеттерде әскери мiндетiн орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамындағы адамдар
|
2020 жылғы 9 мамырды қоспағанда жылына 1 (бір) рет
5 (бес) айлық есептік көрсеткіштері;
2020 жылғы 9 мамырға 100000 (жүз мың) теңге
|
10
|
1944 жылдың 1 қаңтарынан 1951 жылдың 31 желтоқсанына дейiнгi кезеңде Украин Кеңестік Социалистік Республикасы, Беларусь Кеңестік Социалистік Республикасы, Литва Кеңестік Социалистік Республикасы, Латыш Кеңестік Социалистік Республикасы, Эстон Кеңестік Социалистік Республикасы аумақтарында қимыл жасаған халықты қорғаушы истребительдiк батальондардың, взводтар мен отрядтардың жауынгерлерi мен командалық құрамы қатарында болған, осы батальондарда, взводтарда, отрядтарда қызмет мiндетiн атқаруға кезiнде жаралануы, контузия алуы немесе зақымдануы салдарынан мүгедек болған адамдар
|
2020 жылғы 9 мамырды қоспағанда жылына 1 (бір) рет
5 (бес) айлық есептік көрсеткіштері;
2020 жылғы 9 мамырға 60000 (алпыс мың) теңге
|
11
|
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан, жергiлiктi әуе қорғанысының объектiлердi өзiн-өзi қорғау топтары мен авариялық командаларының жеке құрамы қатарындағы адамдардың отбасы, Ленинград қаласының госпитальдерi мен ауруханаларында қаза тапқан қызметкерлердiң отбасылары
|
2020 жылғы 9 мамырды қоспағанда жылына 1 (бір) рет
5 (бес) айлық есептік көрсеткіштері;
2020 жылғы 9 мамырға 30000 (отыз мың) теңге
|
12
|
Қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерi (күйеулерi), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргiзген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезiнде зақым алуының нәтижесiнде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетiндерiнен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екiншi рет некеге тұрмаған әйелдерi (күйеулерi)
|
2020 жылғы 9 мамырды қоспағанда жылына 1 (бір) рет
5 (бес) айлық есептік көрсеткіштері;
2020 жылғы 9 мамырға 30000 (отыз мың) теңге
|
13
|
Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған адамдар
|
2020 жылғы 9 мамырды қоспағанда жылына 1 (бір) рет
5 (бес) айлық есептік көрсеткіштері;
2020 жылғы 9 мамырға 30000 (отыз мың) теңге
|
14
|
1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдар
|
2020 жылғы 9 мамырға 30000 (отыз мың) теңге
|
31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні
|
1
|
Бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы аумағында саяси қуғын-сүргіндерге тікелей ұшыраған және қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын адамдар
|
Жылына 1 (бір) рет
15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштері
|
2
|
Қазақстан Республикасының қазiргi аумағында өздерiне қуғын-сүргiндер қолданылғанға дейiн тұрақты өмiр сүрген адамдар мына төмендегi жағдайларда танылады:
а) бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағынан тысқары жерлерде қуғын-сүргiндердi кеңес соттары мен басқа да органдардың қолдануы;
б) екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде (жай адамдар мен әскери қызметшiлердi) тұрақты армия әскери трибуналдарының айыптауы;
в) Қазақстаннан тысқары жерлерде әскери қызмет атқару үшiн шақырылғаннан кейiн қуғын-сүргiндердiң қолдануы;
г) қуғын-сүргiндердi орталық одақтық органдар: Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Жоғарғы Соты мен оның сот алқаларының, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының Айрықша бас саяси Басқарма алқасының, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Iшкi iстер халық комиссариаты - Мемлекет Қауiпсiздiгі министрлiгi - Iшкi iстер министрлiгi жанындағы айрықша кеңестiң, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы Прокуратурасы мен Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы ішкi iстер халық комиссариатының Тергеу Істері жөніндегі комиссиясының және басқа органдар шешiмдерi бойынша қолдануы;
д) Қазақстандағы 1986 жылғы 17-18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін, осы оқиғаларда қасақана кісі өлтіргені және милиция қызметкерінің, халық жасақшысының өміріне қастандық жасағаны үшін сотталған, өздеріне қатысты қылмыстық істерді қайта қараудың қолданылып жүрген тәртібі сақталатын адамдарды қоспағанда, қуғын-сүргіндердің қолданылуы жағдайларында танылады
|
Жылына 1 (бір) рет
15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштері
|
3
|
Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы мемлекеттiк өкiметтiң жоғары органдарының құжаттары негiзiнде Қазақстанға және Қазақстаннан күштеу арқылы құқыққа қарсы қоныс аударуға ұшыраған адамдар
|
Жылына 1 (бір) рет
15 (он бес) айлық есептік көрсеткіштері
|
4
|
Ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен бiрге бас бостандығынан айыру орындарында, айдауда, жер аударуда немесе арнайы қоныс аударуда болған саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балалары, сондай-ақ қуғын-сүргiн кезiнде он сегiз жасқа толмаған және оның қолданылуы нәтижесiнде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балалары
|
Жылына 1 (бір) рет
7 (жеті) айлық есептік көрсеткіштері
|
30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні
|
1
|
Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған тұлғалар, облыстық маңызы бар дербес зейнеткер мәртебесі бар зейнеткерлер, облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматтары.
|
Жылына 1 (бір) рет
10 (он) айлық есептік көрсеткіштері
|